Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Зиданнан таяқ жеген Матерацци 10 жылдан кейін шындықты айтты (видео)

Футболдан Италия құрамасының бұрынғы қорғаушысы Марко Матерацци осыдан 10 жыл бұрынғы біріншіліктің финалында Франция құрамасының аяқдоп шебері Зинедин Зиданмен болған кикілжіңге байланысты пікірін білдірді.

Berlin, GERMANY: A photo taken 09 July 2006 shows French midfielder Zinedine Zidane (L) gesturing after head-butting Italian defender Marco Materazzi during the World Cup 2006 final football match between Italy and France at Berlin?s Olympic Stadium. AFP PHOTO JOHN MACDOUGALL (Photo credit should read JOHN MACDOUGALL/AFP/Getty Images)

Сурет vshoke.net

Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

Естеріңізде болса, 2006 жылғы әлем чемпионатының ақтық сынында Зидан Матераццидің кеудесін баспен ұрып, нәтижесінде итальяндық екі бүктеліп түсті. Бұл әрекеті үшін француз қызыл қағаз алып, алаңнан қуылған. Ал Франция қақпасына төреші пенальти белгілеген болатын. Осыдан соң Зизудың ашуына тиетіндей Матераццидің соншалықты не айтқаны футбол әлемінде әбден талқыға салынып, басылымдар италльяндық қорғаушының Зинединнің анасын балағаттағанын жарыса жазды. Матерацци сол жолы шынымен де француздың намысына тиген сөз айтқанын араға 10 жыл салып мойындап отыр.

“Мен расында да ақымақтықпен дөрекі сөз айттым, бірақ оның өзі Зиданның дәл осылайша әрекет етуіне тұрмайды. Рим, Неаполь, Турин, Милан, тіпті Париждің кез-келген бөлігінен одан да ауыр сөздерді естуге болады. Менің айтқаным, оның анасына емес, әпкесіне қатысты болатын”, – дейді Матерацци.

Талқылау