Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Зидан “Реал” ойыншысын матч барысындағы тәртібі үшін кінәлады (видео)

Мадридтік “Реалдың” бас бапкері Зинедин Зидан өзіне колумбиялық жартылай қорғаушы Хамес Родригестің қылығы ұнамай қалғанын айтты. Жағдай Чемпиондар Лигасының ширек финалында “Вольфсбургке” қарсы ойында болған.

picture_29

Сурет dynamo.kiev.ua

Бұл туралы lenta.ru хабарлайды.

“Хамес мұндай сәттерде өз-өзін бақылауда ұстай алуы тиіс. Бұл мен түгіл басқаларға да ұнамай қалды. Енді тезірек бұл жайлы ол ұмытуы керек. Ол өзінің тәртібі кез-келген сәтте жұртшылықтың назарында болатынын білуі тиіс”, – деді Зидан.

Колумбиялық хавбек ойынның 85-ші минутында алаңға шықты. Бұл матчта “Реал” 0:2 есебімен жеңіліп қалды. Ойын алдындағы жаттығуы кезінде Хамес күліп, әзілдеп жанкүйерлердің ашуын тудырып алған болатын.

Жауапты кездесу 12 сәуірде Мадридте өтеді.

Талқылау