Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жүзімнің емдік қасиеттері

Жүзім және жүзім шырыны халыққа ежелгі заманнан емдік қасиеттерімен белгілі. Ерте кезде жүзім сұлулық пен денсаулықты жақсарту үшін Грекия мен Ежелгі Римде қолданылған.

57c67459de852

Дәрігерлер жүзім шырынын зат алмасуды реттеп, өкпе, бүйрек және бауыр ауруларын емдеу үшін белгілейтін болған, деп жазады anabol.kz.

Жүзім шырыны ең бағалы өнімдердің бірі болып саналады. Оның құрамы дәрумендер мен басқа да биологиялық белсенді қоспаларға бай.

Жүзім шырыны ағзамызбен денсаулығымызға қалай әсер етеді?

Жүзім шырынында көптеп кездесетін пектин «жаман» холестерин деңгейін төмендетіп, ағзадағы еркін радикалдарды жояды. Әрине, шырынның пайдалылығы жүзімнің түріне қарай анықталады, мысалы: қара жүзім шырыны әйелдерге өте пайдалы өйткені, ол сүт безі қатерлі ісігінің пайда болуына жол бермейді.

Жүзімде антоциан пигменттері бар, олар қатерлі ісік жасушаларының дамуына тосқауыл болады, егер олар болса таралуын айтарлықтай баяулатады. Осылайшы бүкіл ағзаның қорғаныс қасиеттерін жақсартады.

Жүзім шырынын тұрақты түрде пайдалану бауырдың жұмысын айтарлықтай тазалап, гемопоэз процесін жақсартады. Ішек жұмысы реттеліп, буын ауруларын тоқтатады. Жүрек бұлшықеттерін қалпына келтіреді.

Жіберіп алмаңыз:

Анардың 10 түрлі пайдасы

Шай: пайдасы мен зияны

Қарбыздың адам ағзасына қандай пайдасы бар?

Лимон жапырағы қосылған шайдың денсаулыққа пайдасы

Талқылау