Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жүргізушісіз өздігінен жүретін автобус пайда болды (видео)

Әлемдік деңгейде танымал германиялық Mercedes автокомпаниясы жақында тағы бір автобуысты сынақтан өткізді.

xlarge

Нидерландта таныстырылымы өткен бұл CityPilot деп аталатын автобустың ерекшелігі – оның өздігінен жүретіндігі. Яғни жүргізушісіз жүре алатындығы – дейді BAQ.kz тілшісі russian.rt.com порталына сілтеме жасап.

Автобус алғашқы сынақ ретінде белгіленген 20 шақырым жолды жүріп өтті. Көлікті сынақтан өткізген компания қызметкерлерінің айтуына қарағанда қоғамдық көлік белгіленген арнайы кедергілерден, тунельдер мен бұрылыстардан, жаяу жүргіншілер жолынан ережеге сай өткен.

CityPilot арнайы Daimler Highway Pilot жүргізуші қажет етпейтін технология арқылы жасалған. Бұл технология осыған дейін жүк көліктеріне де пайдаланылған. Видеокамера орнатылған автобус жүргіншілер жолын, көше қиылыстарын, бағдаршам белгілерін және өзге де жол ережелерін сақтауға қабілетті.

Жіберіп алмаңыз:

Өздігінен жүретін 12 жолаушыға арналған электробус жасалды (видео)

Канадалық шаруа өздігінен жүретін тракторды жұмысқа жегіп қойды (видео)

Өздігінен жүретін көлік алғашқы жол апатына тап болды

Талқылау