Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жүргізуші жанармай бекетіндегілердің бензинді қалай “жейтінін” көрсетті (видео)

Желіде жанармай бекеттеріндегілердің бензиндің қалай үнемдейтіні түсірілген видео таралып кетті.

Безымянный

Видеодан жүргізушінің бензиннің ақысын төлеп оның көлігіне  құйғалы тұрғанын байқауға болады. Алайда, ол жанармай құралын көлігіне салмай күтіп тұр. Осы кезде шоттың жүріп жатқанын, алайда жанармайдың жоқтығын көруге болады. Видеоны жариялаған қолданушы мұның Астанадағы helios жанармай бекеті екенін де атап өткен.

«Гелиос» компаниясы өздеріне тиесілі жанар-жағармай құю стансасында бензиннің орнына «ауа» құйып жатқан жайтқа байланысты қызметтік тексеруді бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, бүгін Фейсбук пайдаланушысы Автомобилистерге жәрдемдесу (ОСА) қоғамының парақшасында «Гелиос» жанармай құю бекетінің бірінде станса жабдығы бензиннің орнына «ауаны» құйып жатқаны туралы бейне жазбаны жариялады. Ұялы телефонмен түсірілген бұл бейнеде «Гелиос» компаниясының таңбасын айқын байқауға болады. Сонымен қатар стансадағы бензин құю пистолетінен жанармай ақпай жатса да, есептегіш құрал құйылған бензиннің мөлшерін,  сәйкесінше төленетін ақыны көрсетіп тұрды. Мұнымен қоса,  Фейсбук пайдаланушылары бұл жанармай құю стансасы Астанада орналасқанын атап өтуде.

«Мен бейне түсірілімнің авторы емеспін, оны маған әлеуметтік желі арқылы жіберді, өз кезегімде оны жұртшылықпен бөлісуді жөн көрдім. Халық осындай жағдайларды білуі тиіс», – деді Эльдар Болатұлы есімді Фейсбук пайдаланушысы.

Осы оқиғаға байланысты «Гелиос» компаниясының Алматыдағы орталық кеңсесінің қызметкері Дәулет Сансызбай тексеру басталғанын айтты. «Мен осы мәселеге байланысты жауап беруге құзыретті емеспін. Дегенмен, аталған бейнетүсірілімге байланысты қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр», – деді ол.


Жіберіп алмаңыз:
Зәулім үйден ішінен 110 жыл бойы адам аяғы тимеген елесі бар бөлме табылды

Адам танымастай бетінен айырылған жігіт 15 жылдан соң өмірге қайта оралды (фото, видео)

Сәбилерді фототүсірілімге қалай дайындайтынын білесіз бе? (видео)

Әлемде талай қызық бар: Атақты адамдардың өмірде болған оқиғалары

Талқылау