Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жүрек қызметін жақсартып, ұзақ өмір сүрудің тәсілі аталды

Сан-Диего қаласындағы Калифорния университетінің зерттеушілері клеткалар мен жасушадан тыс матрицалар арасындағы байланыстарды қалыптастыруға қатысатын винкулин ақуызының жоғары деңгейі жәндіктердің жүрегінің қартаюына жол бермейтінін анықтады.

Жүрек қызметін жақсартып, ұзақ өмір сүрудің тәсілі аталды

Бұл туралы Phys.org баспасөз хабарламасында айтылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Жүректің бұлшық еті кардиомиоцит жасушаларынан тұратын тін арқылы қалыптасады. Ал, винкулин кардиомиоциттердің тығыз құрылымында өзара жасалатын дискілерде бар. Жасушалар жас келе ақуызды өндіре бастайды, оның нәтижесінде бұлшық ет тіні одан әрі нашарлай бастайды.

Ғалымдар винкулинді кодтайтын геннің қосымша көшірмесін белсендіретін, жасушаларында ДНҚ қосқышы бар генетикалық түрлендірілген шіркей жасады. Бірақ, ажыратып-қосқыш тек дрозофиладағы жүректің дамуына жауап беретін tinman гені бар жасушаларда ғана жұмыс істеді.

Тәжірибе нәтижелері өте көп винкулин гені бар шіркейлердің тоғыз апта ғана өмір сүргенін көрсетті, ал жабайы түрдегі жәндіктердің өмір сүру ұзақтығы алты апта болды. Сонымен қатар, тәжірибе кезінде генетикалық түрлендірілген шіркейлер глюкозаны әдеттегіден көбірек сіңіре алды.

Зерттеушілер бұл жұмыстың нәтижесі ұзақ өмір сүруге ықпал ететін адам жүрегіндегі винкулин белсенділігін арттыру жолдарын дамытуға көмектесетініне сенеді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау