Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жүрегінде өкініші бар: Экстрасенс Айқынның орындалмаған арманы жайлы айтты

Айқын мен Жұлдызға келгенде жағдай басқаша. Экстрасенс Назгүл Ермекқызының айтуынша, Айқынның жоғарғы жақпен байланысы жақсы. Ол өзіне керегін Құдайдан сұрап та, жылап та алады.

Айқын Төлепберген

Бұл туралы “Астана” арнасының “Ел аузында” бағдарламасында айтылды, деп жазады Stan.kz.

Экстрасенстің сөзіне сенсек, биыл Айқын мен Жұлдыздың отбасы тағы бір жанмен толығады.

“Отбасыларынан сәбидің иісі шығып тұр. Отбасылары толығады. Айқынның Алла Тағаламен қарым-қатынасы мықты. Сұрап та алады, жылап та алады. Айқын Төлепбергеннің жүрегі өте кең. Негізі жүрекке әмір жүрмейді деп айтады ғой. Бұл кісіге әмір жүре береді. Бұл кісінің бала күнгі арманы басқа. Сол арманына жетем деген әлі де арпалыстың үстінде. Бірақ жүрегінде үлкен өкініш бар”, – дейді экстрасенс.

Айта кетейік, бұған дейін экстрасенс Ерке Есмаханның биыл тұрмысқа шығуы мүмкін екенін айтқан еді.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау