Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жүрегім тоқтап қала жаздады: Ер адам жаңбырлы күннің арқасында 3 миллиард теңге ұтып алды

АҚШ-та Чарльз Мартин есімді ер адам аяқ астынан азық-түлік сатып алуға барып, артынша лотереядан ақша ұтып алды.

Жүрегім тоқтап қала жаздады: Ер адам жаңбырлы күннің арқасында 3 миллиард теңге ұтып алды

Бұл туралы UPI порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Вирджиния штатының тұрғыны жұмысынан кейін үйінің ауласындағы шөпты шауып жүрген. Алайда осы кезде аяқ астынан жаңбыр жауып кетіпті. Артынша Мартин көгал шапқышын тастап, азық-түлік алу үшін дүкенге барады. Ол дүкенде лезде ойнатылатын лотерея билетін сатып алуды ұйғарған.

Мартин билеттің қорғаныс қабатын қырғаннан кейін, басты сыйлықты ұтып алғанын білген. Осылайша, ол аяқ астынан 10 миллион долларға (3 млрд 736 млн теңгеден аса) ие болды.

«Билеттің қорғаныс қабатын қырғаннан кейін жүрегім тоқтап қала жаздады», – дейді ол.

Ер адамның ұтысқа ие болғанына сатушы да сене алмапты. Ол ұтысты билетті сканерден екі рет тексерген.

Өз кезегінде лотерея өкілдері Мартинге таңдау жасауды ұсынған. Ол 10 миллион долларды 30 жыл ішінде бөліп ала алады немесе 6,6 миллион долларды алып, артынша ұйымдастырушылар үшін ұтыстың салығын төлейді. Ер адам екінші нұсқаны таңдады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау