Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жүрегі оң жағында: Балқашта ішкі ағзалары ауысып кеткен сәби дүниеге келді

Балқашта ішкі ағзалары ауысып кеткен сәби өмірге келді. Дәрігерлер сәбиге ота жасап, оны аман алып қалды, деп хабарлайды Қазақпарат. 

24 тамызда өмірге келген қыз баланыңішкі ағзалары ауысы туған. Жүрегі оң жағыда орналасқан. Қыз баланың бойы 54 см, салмағы 3 келі 702 грамм салмақпен туды. Сәбиге диафрагмалы жарық ауруы, туабітті пневмония, өкпелердің гипоплазиясы, жаңа туған нәрестенің гемморагиялық сырқаты, асқазанға қан кету, ішектің парезі және анемия диагнозы қойылып, жағдайы өте ауыр деп бағаланды.

Нәрестені көлікпен тасымалдау қауіпті болғандықтан, дәрігерлер шақыртылып ота жасалды. Отаны  облыстық балалар клиникалық ауруханасының дәрігерлері жасады. Лапаротомия жасап, плевра қуысынан ішкі ағзаларын алып тастады. Бауырдың сол жақ бөлігінен және көк бауырынан диафрагмалы жарықты алды.

Қазіргі уақытта нәрестенің жағдайы жақсы. Ол жақын күндері үйіне шығарлады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау