Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жүктілік кезіндегі жыныстық қатынас іштегі сәби үшін пайдалы

Жүктілік – бұл әйел үшін де, еркек үшін де ерекше кезең. Бірақ, гинекологтар мен психологтардың айтуына қарағанда, аяғы ауыр болған келіншектің төсек қатынасына деген құмарлығы бірден артып немесе бірден төмендеп кетуі мүмкін. Яғни, әр әйелде әртүрлі.

pregnancy-775041_960_720

Бұл туралы Аnabol.kz басылымы хабарлайды.

Егер жүктілік қалыпты жүріп жатса, жыныстық қатынас еш кедергі келтірмейді. Алғашқы айларда, әрине, ішіңіз аса білінбейді. Сондықтан, ауыртпалықты сезінбеуіңіз де мүмкін. Ал іш үлкейген сайын жыныстық қатынас кезінде ыңғайсыздық тудыруы мүмкін. Сондықтан әйел адамға ыңғайлысын таңдап жыныстық қатынасқа түсу қажет. Мұнымен қатар, жүкітілік кезінде әйелдің қынабы аса сезімтал келеді. Сондықтан, тез және естен танарлықтай әсерге бөлену аса қиындық тудырмайды.

Әйелдің оргазмға жетуі – іштегі сәби үшін өте пайдалы. Өйткені, тояттаған әйелдің ағзасы жақсы жұмыс істейді және қанайлым үрдісі дұрысталады. Ал бұл өз кезегінде, жатырдағы балаға аса жағымды табиғи процесс. Дәрігерлер 39-40 аптада жыныстық қатынаспен жиі айналысу қажет деп есептейді. Ол баланың жеңіл шығуына, жатырдың тез ашылуына септігін тигізетінін айтады.

 

Талқылау