Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жүкті әйелдерге Таиланд пен Мальдив аралдарына бармауға кеңес берілді

Қазақстандықтар жиі ат басын бұратын Таиланд пен Мальдив аралдарына жүкті әйелдердің бармауына кеңес етілді. Бұған басты себеп Зика безгегінің белең алуы болып отыр. Бұл болашақ аналар үшін үлкен қауіп. Бұл жайлы КТК телеарнасы хабардар етті. beremennaya

Өйткені, аталмыш безгек жатырдағы ұрықты зақымдауға қауқарлы екен. Сәйкесінше, дәрігерлер қарапайым адамдардың да мейлінше, аталмыш елдерге аяқ баспауына кеңес беруде. Тыйым салынған елдер қатарында Таиланд, Бразилия, Мексика, Гаити және Мальдив аралы бар.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы аталмыш безгектен 4 миллион адам зардап шегуі мүмкін екенін ескертеді. Қауіпті ауру жылдам қарқынмен белең алып келе жатыр. Тіпті кейбір аймақтар бұған қатысты төтенше жағдай енгізген. Вирустың белгілері ретінде қызудың көтерілуі, бас ауруы, жүрек айнып лоқсуы секілді белгілер аталуда.

Осыған дейін аталған безгекпен тек Африка елдері ғана ауырып келген еді. Енді вирус Европаға да аяқ басып отыр. Қазірдің өзінде Португалия, Финляндия, Германия, Дания елдеріне ауыз салып үлгерген. Енді бұл вирус АҚШ-қа да жетуі мүмкін екен. Қазіргі таңда бұл безгекпен күресу жолдарын ғалымдар қарастырып жатыр.

Талқылау