Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жүкті әйел Алматыдағы теміржол вокзалында босанып қалды

Алматы-1 теміржол вокзалында жолаушылардың бірі өзінің тұңғышын дүниеге әкелді. 9 шілдеде № 378 «Маңғышлақ-Алматы» пойызының жолсеріктері Шымкенттен Алматыға келе жатқан Сажида Маликова есімді жолаушыны босандырып алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі ҚазАқпарат-қа сілтеп.

Жүкті әйел Алматыдағы теміржол вокзалында босанып қалды

«Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл биылғы жылы болып отырған үшінші жағдай.

«Пойыз Шамалған станциясынан жолға шыққан соң Сажиданың толғағы қыса бастаған. Пойыз бастығының бұйрығымен Алматы-1 станциясына жедел жәрдем қызметі шақырылды. Жолсеріктер Қаһарман Ділімбетов пен Бақытжан Жамантаев жолаушылардың арасынан дәрігер іздестірді. Олардың өтінішін естіген Алтынай Жапабаева бірден көмек көрсетуге ұмтылды. Ол жедел жәрдем қызметі келгенше, әйелді босандыруға көмектесті»,- деді ведомство өкілдері.

Толғағы басталған әйелді жедел жәрдем қызметі келгенше Алматы-1 вокзалының жолаушылар вагонында босындыру жөнінде шешім қабылданған.

«Медицина мамандары мен пойыз бригадасы өкілдерінің бірлесіп көмек көрсетуінің арқасында жүкті әйел еш қиындықсыз босанды. Қыз бала дүниеге аман-есен келді. Пойыз Алматы-1 вокзалында 40 минут аялдады. Бұл осымен сапар барысында дүниеге келген 3-ші нәресте»,-деді «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның баспасөз қызметінің өкілдері.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

 

Талқылау