Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Махаббат құдіреті: Жыртқыш ұрғашы арыстанға ұнау үшін туристерге шабуыл жасады (видео)

Куәгерлердің айтуынша, жыртқыш ұрғашы арыстанды өзіне бағындыра алмаған соң туристерге шабуыл жасаған.

Оңтүстік Африка Республикасының Крюгер саябағында арыстан туристердің екі көлігіне шабуыл жасаған. Бастапқыда ол ұрғашы арыстанға шабуыл жасап көрген екен. Кейін бұл әрекетінен нәтиже шықпаған соң адамдарды қорқыта бастаған. Дәл осы сәтті инженер Марк Уильямс Уинн видеоға түсіріп алған екен.

“Мен камера қосып үлгердім. Ол құдды найзағай секілді шабуыл жасады. Бұдан кейін ол артқы есігі ашық тұрған көлікке қарай беттеді. Жүргізуші дер кезінде көлікті қауіпсіз жерге жылжытып үлгерді. Сол сәтте ұрғашы арыстанға бұрылып “Менің қандай батыл екенімді көрдің бе?” дегендей болды”, – дейді видео авторы.

Арыстан көлік терезесін сындырмаған. Яғни жәбірленушілер жоқ. Аталған ұлттық саябақта бір жарым мыңға жуық арыстан бар.


Жіберіп алмаңыз:

Интернет сервис қыздарға қауіпті қонақүйлердің сайтына арнайы белгі қоймақ

Үндістанда мотоциклшілердің бензинін ұрлап ішіп келген маймыл ұсталды (видео)

9 жасар қыз ата-анасы ұйықтап жатқанда Disneyland саябағына билет сатып алған

Ер адам ауыр дерттен қайтыс болған сүйіктісіне жүрекжарды сағынышын жеткізді (фото)

Талқылау