Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жыныстық қатынас жасады деп айыпталған ағайындылардың ісі Қарағанды сотында қаралуда

Қарағандыда немере ағайынды қыз бен бала жыныстық қарым-қатынасқа түсті деп айыпталып, іс сотқа дейін жеткен. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.

1_53ba416830a4253ba416830a8c

Сурет kakprosto.ru

Алқа билер екі кәмілетке толмаған балалардың жыныстық қарым-қатынасы туралы жабық істі қараған. Жүктіліктің жетінші айына келген кезде қыздың туыстары жігітті зорлады деп айыптаған.

Алайда алқа билер кеңесі жігіттің кінәлі еместігін айтқан. Бірақ, барынша нәтижелі жұмыс істегенімен, сотпен бір шешімге келе алмапты.

“Біз Александр кінәлі емес деп 100 пайыз жауап бердік. Бұдан соң үкім шығару үшін  судья кетіп қалды. Жарты сағаттан соң келіп, “Сіздер кеңес құпиясын жайып жібердіңіздер” дейді. Біз бөлмеде отырдық, ешқайда шықпадық, ешкіммен сөйлеспедік. Өзімізде түсінбедік”, – дейді Ирина Обердерфер.

“Бізде де бала бар, түсінеміз, бірақ сот төрағасы бізді өзінің айтқанымен жүргізуге тырысады. Ол бөлмеге кіре салысымен, ой қараңдаршы оның қандай қателік жасағанын деп айта бастады. Біз ол кезде іспен де таныспағанбыз. Ал ол болса бізге өзінің пікірін таңғысы келді”, – дейді Елена Иванова.

Алқа билер өздерін судьяның барынша айыптаушы үкім шығаруға итермелегенін айтады. Тіпті белгілейтін мерзімді де атапты. Ал іске қатысты түсініктемені облыстық сот дұрыстап та бермеді.

”  Төреші өткен сот отырысын негізсіз деп тауып, істі қарау үшін алқа билер таңдаймыз деп кері қайтарды. Себеп ретінде алқа билердің отырыс кезінде ереже бұзғаны деп айтылған”, – дейді алқа билер.

Осымен екі апта ішінде қарағандылық сот екінші алқа билер құрамын таратып жіберіп отырған көрінеді.

Талқылау