Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жыныс мүшесіне зақым келген еркек пәктігінен 44 жасында айырылған

44 жастағы еркек бала күнінде ауыр жол апатына түсіп, жыныс мүшесіне зақым келеді. Артынша жыныс мүшесі жасанды жолмен қайта қалпына келтіріледі. Ол секспен алғаш рет 44 жасында айналысқан екен.

PROD-Mohammed-Abad-and-Charlotte-Rose

Бұл туралы The Mirror басылымы хабарлайды.

Мұхаммед Абаде алғашқы тәжірибесінің ары қарайғы өмірін реттеп, өз сүйіктісін табуға көмектесетінін айтып жатыр. Бала күнінде жол апаты салдарынан жыныс мүшесіне зақым келген жігіт пәктігінен 44 жасында айырылды.

Жуырда Мұхаммеб Абадқа құны £ 70,000 тұратын “бионикалық жыныс мүшесі” салынды. Ол оны секс-бизнес қызметкері Шарлотта Роузбен тексеріп көрді. “Бұл керемет болды. Бұл түнді 18 жасымды күткендей күттім. Енді тәнім ауыртпалықты сезініп, рахатқа бөленіп жатырмын”, – дейді күзетші жігіт.

Жұрт арасында Мо есімімен танылған жігіт небәрі 6 жасында жол апатына түскен. Жол апатынан кейін дәрігерлер оның жыныс мүшесіне шүмек жалғап қойған. Алайда бұл бионикалық жыныс мүшенің жанында түкке тұрмайтын зат еді.

PROD-Mohammed-Abad-and-Charlotte-Rose (1)

Лондон университетінің ғалымдары оның қолының терісін алып, жыныс мүшесін қаптаған. Әлгі жасанды жыныс мүшені толықтай құрастырып, азаматқа орнатып беру үшін үш жыл уақыт қажет болған екен.

35 жастағы Шарлотта Моға алғашқы жыныстық тәжірибесін жасауға көмектескен. “Ол маған “Мені дәл осы қалпымда толықтай қабылдай алатын адамды жолықтырғым келеді. Төсек қатынасына енді ғана бейімделіп жатырмын, менің L пластиналарым бар. Өзімнің сырт көзге ақымақ болып көрінгенімді қаламаймын” деп айтты”, – дейді Шарлотта.

Олар бірінші рет орталық Лондон қонақ үйінде жүздесіп, сол жерде бірнеше күн қонған. Бір-бірін жақынырақ тануға тырысқан. Артынша секспен айналысқан. Бірақ осы сәтте оның жыныс мүшесіне аздаған зақым келген екен. Яғни Шарлотта оны “сындырып” жіберген. Десе де, Мо оған еш ренжімеген.

“Шарлотта мені бірінші рет көрген кезде, өзін қоярға жер таппай кетті. Артынша ол арамызда тамаша түн болғанын айтты. Әйел адамның аузынан мұндай сөздер естігенге не жетсін?! Барлығы біткен соң, екі езуімді жия алмай жаттым”, – дейді Мо.

Шарлотта әдетте мұндай қызметі үшін сағатына £ 160 талап етеді. Алайда ол бұл жолы клиентінен ақша алудан бас тартқан екен.

“Мен оның жыныстық қатынасқа түскен алғашқы адамы болғаныма қуанамын. Себебі, алғашқы адам мәңгілік есіңде қалады. Мен оның шынайы қуанғанына көзім жетті. Біз секспен сағаттап айналыстық. Бұл керемет күндер болды ”, – дейді ол.

Бұл жұп бүгінде жақсы дос болып қалған екен. Мо 2012 жылы үйленген. Бірақ әйеліне жыныс мүшесінен айырылғанын тек неке түнінде айтқан. Артынша екеуі осыған бола ажырасып кеткен екен.


Жіберіп алмаңыз:

Малайзияда бүлдіршіндер сүндеттелетіндеріне ерекше қуанады (фото)

Қалыңмалға он мың доллар әкелген құдалар үйдегі үлкен әжейге ешнәрсе кигізбеген

Қайырымды жастар алма сатып науқас қыздың еміне 12 млн теңге жинап берді

Теміртауда педофил екінші сынып оқушысының үйіне басып кіріп, оны зорламақ болған

Талқылау