Жынымды келтірмеңізші: Жаңа министр тілшілерге ұрысқан орынбасарының әрекетін түсіндірді

Ұлттық экономиканың жаңа министрі Руслан Даленов Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғариннің әдепсіз мінез-құлқына түсініктеме берді.

Бұрынғы оқиғалардың бірінде Жұманғарин журналистерге оны ашуландырмауын сұрап, сауалға жауап бермеген еді.

«Ол жұмысын жалғастыруда, бірақ ол кешірім сұрады. Әрине, менің ойымша, кез келген қате жауаптарға жол берілмейді. Дұрыс емес мәлімдемелер болмауы тиіс. Мұнда жағдайларға біз тосқауыл боламыз», – деді Даленов үкімет отырысында.

Журналистер министрден Жұманғариннің неге жеке кешірім сұрамай, баспасөз хатшысының желідегі парақшасында кешірім сұраумен шектелгенін білмек болды.

“Мен бұл сұрақты өз алдына қоямын, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері халық көкейінде жүрген сауалдарды қоятыны білеміз. Сондықтан құрметпен қарауымыз керек”, – деді Даленов.

Сейсенбі күні Руслан Даленов алғаш рет  Ұлттық экономика министрі ретінде сөйледі. Ол Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтің орнына тағайындалды. Дәленов бұрынғы министрің не істейтіні әлі белгісіз екенін айтты.

«Әрине ол жұмыс істейді, ол жақсы министр болды», – деп қорытындылады Дәленов.

Сейсенбі күні Қазақстанның жаңартылған үкіметі Қазақстанда жұмысын бастады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр