Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жындыханадан шығатын Маржанды журналистің өзі асырап алмақ

Журналист Гүлжан Байназарова сегіз жылға жындыханаға жазықсыз қамалған Маржан Тұрлыбаеваны баратын жері болмаса, асырап алуға әзір екенін айтты.

12558282_538824479629010_1320865905_n

Фото: instagram.com/gulzhanabainazarova/

Бұл туралы  Qamshy.kz 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды.

Күрмеуі күрделенген мәселеге қатысты сот шешім шығарды. Сараптама жүргізген мамандар Маржанның дені сау деген қорытындыға келді.

Шымкент дәрігерлерінің  “шизофренияның жәй түрі” деген диагнозын алматылық мамандар ақыры жоққа шығарды. Сот шешімі күшіне енген соң, Маржан жындыханадан босамақ.

Тек әзірге қайда барары белгісіз көрінеді. Астанадан қыздың әкесін тауып, онымен сұхбаттасқан шымкенттік журналист Гүлжан Байназарова Маржанның баратын жері болмаса, өзі асырап алуға дайын екенін білдірді.

“Маржан әрине, қуанып отыр. Сонда да, сеніңкіремейді. Әбден көңілі қалған. Әрқайсысы келіп, ертең шығасың, арғы күні шығасың деп үміттендірген”, – дейді Байназарова.


Оқи отырыңыз:

Түркістанда жындыханаға жабылған қыздың жағдайын білуге келгендерді күзетшілер жағадан алды

Негізсіз жындыханаға жатқызылған Маржан Тұрлыбаева босап шықты

 

Талқылау