Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұмбақ өлім: Ақтөбеде 4-сынып оқушысы "басты шертіп" ойнағаннан кейін бақилық болған

Ақтөбеде 4-сынып оқушысы "басты шертіп" ойнағаннан кейін бақилық болған. Бастауыш сыныпта оқитын ер бала 12 күн бойы комада жатыпты. Ұстаздары оның миына қан құйылғанын айтты.

Жұмбақ өлім: Ақтөбеде 4-сынып оқушысы "басты шертіп" ойнағаннан кейін бақилық болған

Ал полицейлер болса, көрші мектепте оқитын 7-сыныптың баласынан жауап алған. Бұл туралы Евразия арнасына сілтеп Stan.kz хабарлайды.

Бақилық болған 10 жастағы ер баланы ұстаздары өлдіге қимайды. Сыныбындағы мақтаулы оқушылардың бірі болған. Өлеңді мәнерлеп оқуда алдына жан салмайтын дейді. Әрі сабақ үлгерімі де жақсы болған. Өзі- отбасында бес баланың 4-шісі екен. 

"Біреуге соқтығысты ма, әлде құлап қалды ма, белгісіз, бізге ауруханаға түскенін айтты. 12 күн бойы ес-түссіз жатты. Екі рет ота жасады. 19 сәуірде қайтыс болды. Ата-анасы анықтамасын әкеліп тапсырды, онда «миына қан құйылды» деп көрсетілген", - деді мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Людмила Ким.

Оқиға демалыс күні болған. 10 жастағы баланың балшыққа құлап қалғанын әуелі ойын балалары көреді. Лезде ересектерге хабарлайды. 
"Мына арада "ЗиЛ" айдайтын шал бар еді, сол көріп "ана бала құлап қалды" деген. Оның үлкен баласы көтеріп алған. Сосын әкесіне звондапты, баланың әкесіне. Әкесі жүгіріп барған. Барса баласы құлап жатыр, аузынан ақ көбік атты. "Сорая" келген, алып бара жатқанда ине салған екен, қолын тартып алыпты", деді марқұмның көршісі.

Бала есінен танып құлайтын күні бірге ойнағандардың арасында 13 жастағы оқушы да болған. Мұғалімі полицейлер ол баладан жауап алғанын растады. 

"Балалар ойнап жүріп, бір-бірімен шертпек ойнау барысында келіспеушіліктер болған. Соны ұрам дегенде, менің қолым жағына тиді дейді. Содан кейін ол мені таспен қуды деді. Мен әрі қарай кеттім деді. Бала туралы естігенде жылады. Негізінен ол өзінің мен ойнамас па едім деген сияқты, бірақ менің ондай қылам деген ойымда жоқ еі деді. Менің қолым қатты тиген жоқ деді", - деді мектептің тәрбие жөніндегі орынбасары Анархан Әбілғазина. 

Қазір болған оқиғаға қатысты соталды тергеу-тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Полицейлер марқұмның өліміне басқа балалардың қатысы бар деген ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

"Өлім себебін анықтау бойынша сараптамалар жүргізілді. Алдын ала деректерге сәйкес, жасөспірім бала туғаннан бар денсаулық нәтижесінде қайтыс болған", - деді облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Полиция бөлімшесіне барып, жауап алынған оқушы туралы ұстаздары үздік, тәртібі жақсы бала деп отыр. Ол сабағына барып жүр.

Талқылау