Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде пәтер мен көлік бағаларын доллармен белгілеуге тыйым салынды

Мұндай өзгеріс барлық электронды сауда жүйелерінде тауарлар  мен қызметтер тек теңге валютасымен жүргізілуі керек деген ережеге сай жасалып отыр.

Resize_of_DSCF0067

Бұл туралы nv.kz хабарлайды.

Биылғы жылдың 2 ақпанынан бастап хабарлама таратушы сайттарда, сондай-ақ, krisha.kz, kolesa.kz и market сайттарыныда тауар тек теңгемен ғана көрсетіледі. Бұрынғыдай доллар не рубль бағасы көрсетілмейтін болды.

Мобильді бағдарламалардың да жаңа нұсқасы дайындалып, Google Play и App Store-ға жіберілген. Бұл 2-10 күн аралығында іске асады.

Мұндай өзгеріс барлық электронды сауда жүйелерінде тауарлар  мен қызметтер тек теңге валютасымен жүргізілуі керек деген ережеге сай жасалып отыр.

Марат Кусаиновтың  түзетулер енгізу туралы ереженің № 720 бұйрығына 2015 жылдың 25 қарашасында қол қойылған.

Құжат 2016 жылдың 22 қаңтарында жарияланып, бүгін заңды күшіне еніп отыр.

Бұған дейін, 2015 жылдың 11 ақпанында елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Халық банк пен мемлекеттік холдингтерге ел ішінде қызметтерді теңгемен жүргізу керектігін тапсырған еді.

Талқылау