Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жылқы етін жеу харам ба?

Кей адамдар жылқы етін жеу жайлы шариғатта түрлі пікірі бар деп еститінін сөз етіп жатады. Қазақ халқы жылқы етін жесе, араб пен түрік халықтары жылқының етін харам деп жемейтіні белгілі.

21

Сурет: www.kazakhstanzaman.kz 

Бұл туралы muslim.kz хабарлайды.

Ханафи мазһабы бойынша жылқы еті – халал. Әнас бин Маликтің (р.а.): «Біз Пайғамбар (с.ғ.с.) заманында жылқы етін жеуші едік», – деген риуаятын Әбу Юсуф пен Мұхаммед (р.а.) негізге алады. Сондай-ақ, «Пайғамбар (с.ғ.с.) Хайбар күні үй есегіне тыйым салып, жылқы етіне рұқсат берді», – деген де риуаят бар.

Бұған қоса, сахаба Жабир (р.а.): «Хайбар жорығында жылқы, қашыр және есекті сойып қазанға астық. Алла елшісі (с.ғ.с.) қашыр мен есек етіне тыйым салды да, жылқы етіне тыйым етпеді», – дейді. Міне, сондықтан жылқы еті – халал.

Ал, Халид бин Уалид (р.а.) риуаят еткен «Пайғамбар (с.ғ.с.) жылқы, қашыр және есек етін жеуге тиым салды» деген хадисіне тоқтала кетсек. Ат жорықта аса қажет болатын. Сонымен бірге, Құран Кәрімде: «Әрі жылқыларды, қашырларды және есектерді мінулерің үшін, сонымен бірге көрік етіп те жараттық…», – деген аят аттың ер қанаты әрі қазынасы екенін көрсетеді. «Ат – жеті қазынаның бірі» деген ата-бабамыз да бәйгеге қосатын сәйгүлігі мен ел қорғаған батырлар мінген тұлпарын қазанға аспаған.

Талқылау