Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жылдың жиіркенішті әрекеті: Журналист көпбалалы отбасыға пәтер алып берген Жандар Садықовты сынап тастады

«Мазақ қып тұрсыздар ма?». Журналист Денис Кривошеев көпбалалы отбасыға бір бөлмелі пәтер алып берген астаналық кәсіпкер Жандар Садықовты сынның астына алды, деп жазады Stan.kz.

Жылдың жиіркенішті әрекеті: журналист көпбалалы отбасыға пәтер алып берген Жандар Садықовты сынап тастады

«Ломбард иесі мұндай отбасыларды қарызға белшесінен батырып, ақшаны жоғары пайызбен несиеге береді. Ал оларды қаһарман ретінде көрсетеді. Бұл мейірімділік және жауыздық тәрізді ұғымдардың алмасуы. Әсіресе, оны қолдайтындар үшін», – дейді ашуланған Кривошеев.

Белсендінің пікірінше, Жандар Садықов көпбалалы отбасыны қолдау туралы видеоны өз ломбардында жайдан-жай түсірген жоқ. Осылайша, ол өзінің ломбардына жарнама жасады. Видео желіде жүз мыңдаған қаралым жинаған.

«Бұл қайырымдылық емес, бұл жиіркенішті әрі арсыз жарнама», – дейді  Кривошеев.

Бұл орайда ол баспаналы болған отбасы үшін қуанышты екенін айтты.

«Олар пәтерді жақсы бағаға жалға беріп, соның есебінен қала сыртынан үлкенірек үй жалдай алады», – дейді ол.

Десе де желі қолданушыларының дені Садықовты жақтап, ол қалай табыс тапса да, қайырымды іс жасап, өзгелерге үлгі болғанын айтты.

«Мұндай ақшаны кез келген адам бере алмайды. Ал диванда жатып алып, ең болмаса азғантай садақа бермей өзгенің кемшілігін бетіне басу бәрінен оңай. Менің ойымша, егер адам көмек қолын созса, оны сынаудың қажеті жоқ», – деп жазады желі қолданушыларының бірі.

Еске сала кетсек, кәсіпкер Жандар Садықов 7 балалы отбасыға Қосшы аулынан аумағы 29 шаршы метр болатын пәтер алып берген еді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр