Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жыласа естімей қаламын: Гүлзира Айдарбекова Қайратты босанғаннан кейін қаншама түн ұйықтамағанын айтты

Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсер Гүлзира Айдарбекова тұңғышын босанғаннан кейігі күндері туралы айтып, көпшіліктің жүрегін елжіретті, деп жазады Stan.kz.

Жыласа естімей қаламын: Гүлзира Айдарбекова Қайратты босанғаннан кейін қаншама түн ұйықтамағанын айтты

Гүлзира Айдарбекова желіде жас кезіндегі суретін жариялап, өте арық болғанын айтты. Айдарбекованың сөзінше, ол тұңғышы Қайратты босанғаннан кейін түнімен ұйықтамайтын болған. Себебі жылаған кезде естімей қалудан қорыққан.

«60 келіден 44 келіге азып кетіп, үлкендеу көрсете ме деп шашымды бұйралап тастаған түрім ғой. Ол кезде боянуды да білмейміз, сұп-сұр болып. Түрім ұсқынсыз болып тұрғанымен, ең қымбат жандарым жанымда. Қайратты туғаныма қуанып, тұңғышым болғандықтан болар, түнде жыласа естімей қаламын деп ұйқысыз бетіне қарап отыратынмын. Есімнен еш кетпеді. Аңқаулығым соншалық, жыласа басы ауырып жатқандай басын уқалаушы едім», – дейді Гүлзира Айдарбекова», – деп жазды ол Instagram-парақшасында.

Өз кезегінде желі қолданушылары Айдарбекованың өте балажанды екенін айтып, отбасына бақ-береке тіледі.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау