Жылап тұрып Аллаға жалбарынған бүлдіршін қыз көпшілікті еріксіз жылатты (видео)
Әлеуметтік желіде тараған видеода қырғыз ұлтының бүлдіршіні сахнада бата жасап, Алладан жылап тұрып тілек тіледі.
“Бисмиллахир рахманир рахим! О, Алла, сен мейірімдісің! Ғаламдағы алып жануарлар да, көзге көрінбес шыбын шіркейге де ризық-несібеңді берушісің. Өміріміз ұзақ болып, сенің берекетіңе қызмет қылсыншы. Нәрестелер анасыз, атасыз қалмасыншы. Адамдар ұрыспасыншы, ажыраспасыншы. Мейірім құшағына бөленсінші”, – деді бүлдіршін қыз.
Қаршадай қыздың шын ықыласын тыңдаған көрермендер көзіне жас алды. Желі қолданушылары бүлдіршін қыздың батасы қабыл болуын тілеп жатыр.
Тағы да оқыңыз:
Дінімізде тыйым салынған сауда түрлері мен жезөкшелік
Әндетіп тұрып бата берген ақсақал желі қолданушыларын таңқалдырды (видео)
Талқылау