Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жылап тұрып Аллаға жалбарынған бүлдіршін қыз көпшілікті еріксіз жылатты (видео)

Әлеуметтік желіде тараған видеода қырғыз ұлтының бүлдіршіні сахнада бата жасап, Алладан жылап тұрып тілек тіледі.

20170317162226

“Бисмиллахир рахманир рахим! О, Алла, сен мейірімдісің! Ғаламдағы алып жануарлар да, көзге көрінбес шыбын шіркейге де ризық-несібеңді берушісің. Өміріміз ұзақ болып, сенің берекетіңе қызмет қылсыншы. Нәрестелер анасыз, атасыз қалмасыншы. Адамдар ұрыспасыншы, ажыраспасыншы. Мейірім құшағына бөленсінші”, – деді бүлдіршін қыз.

Қаршадай қыздың шын ықыласын тыңдаған көрермендер көзіне жас алды. Желі қолданушылары бүлдіршін қыздың батасы қабыл болуын тілеп жатыр.

Мені жақсы танымайтын адам қазақтан басқаны көзге ілмейтін асқынған ұлтшыл деп ойлайды-ау. Дым да ондай емеспін) Қазақпен қатар орысты әділдігі, немісті ұқыптылығы, қырғызды қайсарлығы, ұйғырды ұйымшылдығы, өзбекті пысықтығы үшін жақсы көремін. Мүмкін, сол себептен де шығар, саяхатқа құмарлығым… Алла тағала бізді бір ұлт емес, мыңдаған ұлт пен ұлысқа бөлгенінде бір-бірлеріңді тану үшін деп тапсырма берді емес пе? Мына бейне жүректі елжіретіп жіберді бүгін. Қырғыз ағайын қатарға қосылып кетіп, бүлік-төңкерістен аман болса екен!

Публикация от Orken KENZHEBEK (@orkeni)

Тағы да оқыңыз:

Дінімізде тыйым салынған сауда түрлері мен жезөкшелік

Әндетіп тұрып бата берген ақсақал желі қолданушыларын таңқалдырды (видео)

Кентал азан шақырып, жұрттың батасын алды (видео)

Талқылау