Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жылап тұрған француз жанкүйерін португалиялық бала жұбатты (видео)

Желіде Еуро-2016 финалынан кейін Португалия мен Франция жанкүйерлері түскен әсерлі видео пайда болды.

_90347352_portugalboy

Видеоның басты кейіпкерлері француз командасының жейдесін киген ер адам және португалиялық бала. Кішкентай ұл жылап тұрған француз жанкүйерін иығынан қағып жұбатып, қолын қысады. Содан кейін португалиялық ұл мен француз жанкүйері екі ел фанаттарының достығы ретінде құшақтасады.

Еске сала кетсек, 10 шілде күні өткен Европа чемпионатының финалында Португалия құрамасы алаң иелері Франция құрамасын 1:0 есебімен жеңіп, өз тарихтарында тұңғыш рет кәрі құрлық додасында топ жарды.

Талқылау