Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жылап қоймай қойған: Теміртауда анасы темір жолға тастап кеткен баланы пойыз қағып кете жаздады

Теміртауда тұрғындар темір жолда отырған баланы пойыз жақындап қалған сәтте құтқарып қалды. Сорақысы сол, баланы қауіпті жерге анасының өзі тастап кеткен. Абырой болғанда, оның темір жол бойында отырғанын көргендер дер кезінде үлгеріпті.

Жылап қоймай қойған: Теміртауда анасы темір жолға тастап кеткен баланы пойыз қағып кете жаздады

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Демалуға кеткен анасы жылап қоймай қойған 9 жасар баласын қауіпті жерге тастап кеткен. Сол маңда болған адамдар темір жолда жылап отырған баланы байқамағанда, ол пойыз астына түсіп ажал құшар еді. Бұл жағдайды куәгерлер де растап отыр. Тіпті, оқиғаның видеосы желіде тарап кеткен.

«Әйел екі баласымен бізге демалуға келді. Бірақ жылаған бір ұлын анасы жолда тастап кетті. Темір жолдың үстінде отырған баланы екі қыз пойыз тура жақындағанда көтеріп алған», – дейді куәгер Сергей Кузнецов.

Ал баланың анасының сөзінше, ол ұлының ерке мінезін көтере алмаған. «Бар кінәм сол», дейді әйелл. Айтуынша, ол балаларын ешқашан жалғыз қалдырмаған әрі қол көтермеген. Сонымен қатар ол желіде тарап кеткен видео авторларының сөзі жалған екенін айтып ақталды.

«Бала дем алуға бара жатқанда жылап, көліктің есігін сындыра бастады. Мен оны көліктен күшпен алып шығып, заттарымды кіргізуге кетіп қалдым. Instagram парақшасында жазылғанның барі өтірік. Мен балаларға ешқашан қол жұмсаған емеспін», – дейді Александрдың анасы Ирина Куличкова.

Ал оқиғадан құлағдар болған қамқоршылық бөлімінің мамандары баланың отбасын тек бақылауға алды. Оған отбасының бұған дейін әлеуметтік қызметкерлердің тізімінде тұрмағаны себеп болыпты. Ал биыл үшінші сынып табалдырығын аттайтын Александр ендігі мектепішілік есепке алынады.

«Анасының баланы осындай жағдайға қалдыруына байланысты анасын есепке алып, өне бойы есепте ұстаймыз. Тек қана Теміртау қалалық білім бөлімінің ғана емес, мектепте әлеуметтік педагогикалық, сынып жетекшісі қадағалап ұстайтын боламыз», – дейді Теміртау қаласы білім басқармасы жетекшісінің міндетін атқарушы Халипа Жаудинова.

Сонымен қатар білім бөлімінің мамандары да 9 жасар Александр мен анасын жарты жыл бойы бақылайтын болады. Осы уақыт ішінде отбасыда жанжал байқалған жағдайда, Ирина Куличкова тағы бір жыл бақылауда болады немесе ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін. Керісінше жағдайда, олар аталған есептен алынады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз

Талқылау