Жыл “ұяты”: 2018 жылы қазақстандықтар нені талқылады?

2018 жыл түрлі саяси, экономикалық және қоғамдық оқиғаларға бай болды. Соның ішінде елді дүрліктіріп, әлеуметтік желіде жалаңаштануға еш қымсынбайтын, қоғамның ашуын, ренішін тудырған арулар аз болмады. Stan.kz солардың бірсыпырасына тоқталды.

2018 жылдың “басты ұяты” ретінде Тараз тумасы Шырын Нарчаеваны қоспасқа амал жоқ. “Қалаулым” жобасына қатысып, Инстаграмда 33 мыңдай жазылушы жинаған Шырынның қазір оқырмандары бір ай ішінде 169 мыңға өсккен.

18 жастағы ару түнгі клубтарда қыдырмайтынын, үлкендерді сыйлайтынын және әлі пәк екенін айтады. Сонымен қатар бүкіл халық алдында жалаңаштануын ол тек әдемілік үшін жасалғанымен және анасы мен әжесі қолдайтынын жеткізген.

Отандық арналардың бірінде Тәуелсіздік қашан алынғанын білмеген бойжеткен биыл Егемендік күні қазақтың сәукелесін киіп, жалаңаш күйінде суретке түсті. Кейін жылап, сықтап, артынан қорқытып, қоқан-лоқы көрсетіп жүргендер көбейгенін жариялаған еді. Бірақ бір күн өтпей, тағы сәукелемен, жалаңаш күйі ешкімнен кешірім сұрамаймын деп ортаңғы саусағын көрсетті.

Шырынның әрекетіне ашуланған түрлі жұлдыздар, зиялы қауым өкілдері ІІМ, прокуратураға хат жолдап, жетесіз бойжеткеннің әрекетін тоқтату керек дейді.

Шырынның Stan.kz сайтына берген эксклюзивті сұхбатын мына сілтеме бойынша оқи аласыздар.

“Кешью” тобының бұрынғы мүшесі Кәмшат Жолдыбаева халықты ашық образдарымен таңғалдырудан жалықпайды. Биыл да ол мәдени шаралардағы және фотосессияларындағы түрлі образдарымен есте қалды. Бірақ дегенмен ең атышулы жобасы – қырғыз әншісі Мирбек Атабековпен түсірген ортақ бейнебаяны десек қателеспеспіз.

Көрші елдің “Қайрат Нұртасы” атанған Мирбек,  ең қызығы, қажылыққа барып келген, бес уақыт намазын қаза қылмайтын жігіт болып шықты. Оның үстіне отбасылы азамат екен. Айтпақшы Мирбектің жұбайы атышулы “Тыңда мені” бейнебаянының түсірілімі кезінде жұлдызды күйеуінің қасында бірге болыпты. Мирбек басында ашық сценалар болатыны естігенде бас тартқанын жасырмайды, артынан түсірілім алаңында 30 шақты адамның еңбек етіп жүргенін көргенде олардың еңбектерінің зая кеткенін қаламағанын айтады.

“Тыңда мені” бейнебаяны бұған дейін қазақ шоу-бизнесінде болмаған ашық көріністерімен есте қалып, Кәмшаттың, қазақ қызының бірден екі еркекпен сүйіскендігі тіпті әріптестерінің де ренішін тудырып, бұл жолы артық кетті деген сынына қалды.

Кәмшаттың сахналық әріптесі, отандық әнші Нұрболаттың да соңғы бейнебаяны кездейсоқтық па, жоқ әлде басқа ма, “Тыңда” әніне түсірілген. Осыған дейін сүр бойдақ образын сомдап, қазақи әртіс екенін мақтан тұтатын Нұрболат бейнебаянында белгісіз арумен аймаласып, бәріміздің таңданысымызды тудырды.

Айтпақшы, биылға дейін отбасылы азамат екенін жасырып келген Нұрболаттың құпиясы ойламаған жерден ашылып, қызының тұсаукесер тойына жиналған жұлдыздар әлеуметтік желілерге жарыса жариялағанда бірақ белгілі болды.

Бүркіттің қарындасы Әсел Асқар да биыл көп талқыланған қыздардың қатарынан қалмады. Мәселен, осыдан бірер ай бұрын Әсел ашық-шашық образдармен фотосессия жасап, мұнысын “әйел болуымен” түсіндірсе, кейін жезөкше рөлін сомдап, тіпті таңғалдырды.

Өнер әлемінде жүрген Кәмшат Жолдыбаеваның сіңлісі Алтынай да Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында ашық-шашық көріністермен бой көрсетуден жалықпайтын сынды. “Джейран” тобының мүшесі қаншама жерден сынның астында қалса да, жұрттың пікіріне мүлдем мән бермейтінін айтқан еді.

Қазақ қызына тән емес: ашық-шашық жүріп, сынға қалған жұлдыздар

Биыл жазда хауыздың жағасында күнге қыздырынбақ болып, ерсі күйінде жатқан астаналық бойжеткен де “шектен шығып кеткендердің” қатарынан деп танылды.

Қыздың демалыс орнында қалай жатқаны елдің талқысына түсті. Оның әрекеті ерсі екенін айтқандар көп.

«Мұндай жаттығуларды үйінде жасасын, қоғамдық орында солай жата ма? Жанында балалар жүр, олар не ойлайды. Қанша ер адам қарап тұр. Мұндайға жол бермеу керек», – дейді желідегілер.

Қыздың жатысы ұнағанын айтқан жігіттер де бар.

Астана қалалық жастар мәслихатының VII шақырылымының депутаты Динагүл Тасова сән көрсетілімінде жалаңаш төсін көрсетіп, жұрттың жағасын ұстатты. Депутат әрі модель Данагүл Тасова «Fashion Night Astana» сән көрсетіліміне қатысты. Оның сән сахнасына ерекше көйлек киіп шыққан сәтінің суреттері желіде тарап кетті. Суреттерден депутаттың жұқа әрі селдір матадан тігілген көйлек кигені байқалады. Белгілі болғандай, ол  Dana Dyusembayeva сән үйінің көйлегін таныстырған. Сәнгердің ойластыруы бойынша, модель көйлектің ішінен ішкиім кимеуі тиіс.

Тасованың өзі Instagram желісіндегі парақшасында дәл осы көйлекті киіп түскен суретін жариялаған. Алайда ол жерде қолымен кеудесін жауып тұр. Дегенмен көп ұзамай, төсін жалаңаштаған астаналық “депутат” Динагүл соққыға жығылғанын айтты. 

Желідегі парақшасына денесі көгерген суретін жариялаған арудың айтуынша, осылай “қолдау” өзі бес жыл қарым-қатынаста болған адамы жасаған.

Қазақстандағы зорлық-зомбылық статистикасын зерттеген Тасова бұдан былай жақын адамдарынан, күйеуінен әлімжеттік көрген әйелдердің құқығымен айналысатынын жеткізді.

Астанада былтыр қақаған аязда купальникпен көше кезген бойжеткен барша тұрғындарды таңғалдырған-ды. Әлеуметтік желілерде таралып кеткен видеода рюкзак асынған қыз спорттық купальнигін киіп, тоңғанын білдірмей, көшеде жүргені байқалады. Көпшілік қызды бәстен жеңілгені үшін осындай әрекетке барды деп болжады. Дегенмен артынан анықталғандай, ару отандық арналардың бңрңнде қызмет ететін журналист болып шықты. Ол “экспериментін” көпшіліктің назарын аудару қаншалықты жеңіл екенін анықтау үшін жасағанын айтты.

Баян Алагөзованың қызы Айсәуле Бақытбек те “Инстаграмға” ашық, жартылай жалаңаш киімдерін жүктеуден жасқанбайды. Оның оқырмандары, желі қолданушылары көбінесе Айсауле Бақытбектің дене бітімін әдемі деп танып, “Кішкентай сүйкімді қыздан әдемі, нәзік қызға айналдың, анаңнан аумай қалғансың” деген жазбалар қалдырып, оған тамсанып жатады. “Анаңмен жарысып, сурет салудан басқа істейтін ісің жоқ па?” “Сіздің “сұлулығыңыз” эмоцияңыз, іс-әрекеттеріңіз сынды жасанды. Көзіңізден қайғы көрінеді” деп сынайтындар да жоқ емес.

Қазақ қызына тән емес: ашық-шашық жүріп, сынға қалған жұлдыздар

30 жастағы Қазақстандық актриса Айсұлу Әзімбаева “Инстаграмға” интимді суреттердің бірнеше топтамасын салып, жанкүйерлерін қуантып тұрады. Ол бірде шашын қызғылт сарыға бояп, бірде дарк-квин образында бой көрсетіп, жұртты тамсандырудан шаршамайды. Желі пайдаланушыларының арасында актрисаға сын айтқандар бар болғанымен, оны қолдап, сұлулығына, суреттеріне ғашық болған жандардың саны басым.

Caffeine тобының экс- мүшесі Фарема Қазақпаева өзінің әдемі дене бітімін мақтанышпен көрсетуден мүлдем жасқанбайды. Жақында ол әлеуметтік желіге төстартқышсыз түскен суретін жариялап, оқырмандарын қуантқан еді. “Ақылды, ер адамдарды қуанту үшін әрдайым төстартқышсыз жүр”, “Бұл трендпен жақында төстартқыш сататындар жабылып қалады” деп жазды желі қолданушылары. Сонымен қатар, әнші жігіттерден көңілі қалған қыздарды түсінетінін, өзі де бір қызбен жүргенін мәлімдеген еді.

Қазақ қызына тән емес: ашық-шашық жүріп, сынға қалған жұлдыздар

Загрузка...
Қазір оқып жатыр