Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Жыл таңдауы” жобасының продюсері әншілерге ренішін жеткізді

“Жыл таңдауы-2018” жобасы аяқтала салысымен, отандық әншілердің бір тобы марапатты ұйымдастырушыларға ренішін жеткізді. Мөлдір Әуелбекова жобадан түбегейлі бас тартса, Әбдіжаппар Әлқожа марапаттың тек қана фонограммашыл орындаушыларға бұйырғанын айтып ренжіді. Ал Қарақат Әбілдина ұлттық марапаттан шашы боялған, құлағына сырға таққан жігіттерді көргенде қынжылғанын жеткізді.

Жан Мұқанов

Ал жоба продюсері Жан Мұқанов әншілерге ренішті. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі НТК арнасының “Ревю” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Продюсердің айтуынша, марапатқа қатысуы тиіс кей әншілер сөздерінен тайып, тойға кетіп қалған.
“Олар ең бірінші сахнаның адамдары, әртістер. Әртіс болған соң осындай жүлде жасалып жатқаннан кейін, осындай үлкен сахна құрылып, осындай қаншама жұмыс жасалып жатқан кезде, ол той үшін кетпеу керек!” – дейді Жан Мұқанов.

Аталған жобаның тізіміне кіріп, келе алмай қалған әншілер де баршылық екен.

“Мәдина құрбым үлгермей қалды. Ол неге екенін білмеймін, үлгермей қалды. Бәрі бұйрық қой. Сондықтан да шынымен қазір күн аяз болып тұр. Көптеген рейстер ұшпай жатыр”, – дейді Қарақат Әбілдина.

Ал Керменбаев ұшақтан түсе сала шоуға асыққан әншілердің қатарында. Әнші өнер көрсетуіне санаулы минуттар қалғанда әрең жеткен. Әйтсе де, Нұржанның еңбегі еш кетпеді. Ол 20 мүсіншенің бірін иеленді.

“Мен бәрі алып жатқан шығар деп ойлап қалдым. Мен өзі бір аяқ асты келгеннен кейін, бір түсінбеушіліктер болып қалды да. «Жалғыз-ақ биле» әнін орындадым. 2018-де шығарған болатынмын. Еңбегің солай бағаланып жатса, әрбір өнерпаз қуанышты болады ғой. Қуаныштымын”, – дейді Нұржан Керменбаев.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау