Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жыл соңына дейін үй бағасы қалай өзгереді?

Қыркүйекте ескі және элиталы үй бағасы өсті. Сарапшылардың пікірінше, төртінші тоқсанда теңге курсы тұрақты болған жағдайда баспана нарығында баға әрқилы бағытта өрбиді: қайталама нарықтағы үйлер арзандаса, жаңадан салынған үйлердің бағасы тұрақталады.

Бұл туралы Homsters.kz сараптама орталығы хабарлайды

Күздің басында Астанадағы шаршы метр бағасы 1,7% қымбаттап, 325,9 мың теңгеге жетсе, Алматыда 4,6% қымбаттап, 365,6 мың теңгеге көтерілді. Ал Шымкентте баға 3,1% қымбаттап 203,8 мың теңгеге жетті. Қарағандыда бұл көрсеткіш 7,7% көтеріліп, 194,9 мың теңгеге жетті.

«Қыркүйекте әдетте баға осылайша айтарлықтай өзгеріске түседі. Оған себеп жаз айларындағы бәсеңдеуден кейін жыл соңына қарай нарықтың қайта жандануынан дәмелену», дейді онлайн қызметтің басқарушы серіктесі Мария Рен.

Оның айтуынша, бағаның өзгеруіне одан бөлек теңге бағамының 2 пайызға әлсіреуі әсер еткен.

«Әлі де болса кей сатушылар бағаны доллармен есептейді, сондықтан теңгенің әлсіреуі бағаның қымбаттауына алғышарт болып отыр», – дейді сарапшы.

Сарапшының айтуынша қыркүйекте Астанададағы баға өскенімен, Алматыда керісінше сәл арзандаған. Сонымен қатар сарапшы жыл соңына дейін элиталы үй бағасының айтарлықтай өзгеріске түсе қоймайтынын алға тартты.

Оқи отырыңыз:

Елімізде азық-түлік пен ақылы қызметтер құны одан әрі шарықтап кеткен

Қазақстанда жасы 50-ден асқан азаматтар белсенді түрде ипотекаға үй ала бастады

Өзбек сумының құнсыздануы Қазақстанға қалай әсер етеді?

Энергетика министрі: Қазақстанда электр энергиясы тарифтері қымбат деп ойламаймын

Талқылау