Жыл өткен сайын жасара түскен ерлі-зайыптылар желі қолданушыларын таңғалдырды

Spooky_Gecko бүркеншек атымен тіркелген Reddit пайдаланушы күйеуімен түскен екі фотосуретті жариялап, өздерінің өмірі туралы баяндады. Тіпті, әйелдің айтқан оқиғалары  желі қолданушыларының жүрегін елжіретіп жіберген. Бірақ ерлі-зайыптылардың соңғы жылдардағы сыртқы өзгерісі оқырмандарды ойландырып қойды.

Жыл өткен сайын жасара түскен ерлі-зайыптылар желі қолданушыларын таңғалдырды

Spooky_Gecko күйеуі екеуінің он жыл бұрын және кейін түскен фотосуреттін көрсетті. Бұл туралы lenta.ru хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

«Он жарым жыл бұрын бұл жігітпен жай ғана би билеп келмекші болғанбыз. Кім ойлаған екеуміз өмір бойы бірге болады деп»,-деп жазған әйел суреттің астына.

Желі қолданушылары он жылдан кейін ерлі-зайыптылар әлдеқайда жақсы, тіпті жас көрінеді дейді. Оқырмандар қыз бен жігіттің бұрынғысынан да жас көріну себебін болжай бастады.

«Ол шын мәнінде жасарып кеткен. Бенджамин Баттон ешкімді алдамайды!»- деген  қорытындыға келді ogres-war-club.

Пайдаланушылар суреттегі қыз қартаюға қарсы кремдерді пайдаланған деп күдіктеніп, жас жігіттің сыртқы көрінісіне қарап сақал қойғаны үшін мақтады. Дегенмен, кейбіреулер бұл жерде ешқандай құпия жоқ екенін айтты. Себебі, ескі сурет қыз бен жігіттің жасөспірім жасында түсірілсе, қазір олар кем дегенде 25 жаста болуы мүмкін. Сол себептен олардың сырт келбеті жас көрінеді дейді, оқырмандар. Ал кейбіреулерге олардың қазіргі көрінісі бұрынғы кездегіден әдемірек көрінген екен.

Оқи отырыңыз:

Тұрмысы нашар көпбалалы отбасынан шыққан белгілі боксшы мың адамға пәтер алып берді

Ер адам 13 жасар ұлын көлік ұрлаушы деп ойлап, абайсызда атып өлтірді

Лотереядан екі миллион доллар ұтып алған әйел қателесіп билетін лақтырып жіберген

Әкесі ұлына бүйрегін беру үшін 51 келі салмақ тастады

 

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
23.04.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар