"Жұғысты болсын": Айсәуле Бақытбек ұзатылған күні Тамара Асарға үкі таққан

Баян Алагөзова өзі орыстілді болғанымен, қызының ұзату тойында қазақтың барлық салт-дәстүрін ұстануға тырысқан. Ұлттық киім кигізбесе де, қызын шығарып салар кезде Мақсатқызы оған сәукелесін кигізді. Ал одан біраз уақыт бұрын Айсәуле құрбыларына үкі таратқан. Күйеуге шығудың ырымы саналатын үкі Тамара Асарға да бұйырды, деп жазады Stan.kz.

"Жұғысты болсын": Айсәуле Бақытбек ұзатылған күні Тамара Асарға үкі таққан

Бұл туралы әншінің өзі айтып берді. 

"Европада тұрмысқа шығып жатқан қалыңдық, құрбыларына өзінің бір түйір гүлін лақтырып қырылыстырып қойса, қазақта сәукеледен үмітті қыздарға кетіп бара жатқан қыз арнайы үкі дайындап өз қолымен атап-арнап таратады. Не деген құрмет! Айсәуленің тойына мамасының құрбысы ретінде барып, қызымыздан осындай әзіл-шыны аралас қошемет көремін деп ойламаппын. 

Ақ жол жайылды, барлығымыз екі жағына қаз-қатар болып тұрдық. Төр жаққа етене жақын туыстары тұрады деген оймен есік жаққа қарай орналасып, орнымды таптым. Айсәуле өз құрбыларының аттарын тізіп айтып жатыр,аты айтылған қыздар бір-бірлеп мәз болып шығып жатыр.

Бір кезде "Динара Сатжан" дегенде Мен "уауу" дедім де "Қатырдың Айсәуле" деп қатты күліп жібергенім сол-ақ екен, "Тамара Асар" дегенде жүрегім тоқтап қала жаздады. Мәз болып қуанғанымды ұялып жасырғым келіп еді, «дым не получилось» Айсәуле қызымыздың қолы құтты болып, Динара да, мен де тойға шақырып жатсақ еш таң қалмаңыз. Үкіден келген ырым үкіленіп, үрленіп ұшты дерміз... (бәрі бұйырымыспен ғой) Айсәуле бақытты ғой, бақыты баянды бола берсін!" - дейді Тамара.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр