Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жуынуды мүлде қойып кеткен жігіт өмірінің жақсы жаққа өзгергенін айтады (фото)

Джеймс Хамблин — The Atlantic апталық журналының аға редакторы. Әрі ол журналда “Егер біздің денеміз сөйлей алса” деп аталатын бейнеайдарды және денсаулық туралы бетті жүргізеді. Ол мүлде жуынбау туралы сынақ жасап көрген.

фвфв

Ол адамның шамадан тыс мөлшерде жуынуы мен косметикалық құралдардың денеге қалай әсер ететінін анықтап көрмек болған.

Ол өз бағанасында “12 167 сағат душта. Егер сіз күніне душ қабылдау үшін кем дегенде 20 минут жұмсағанның өзінде өміріңіздің осынша сағатын душ кабинасында өткізеді екенсіз.

Суды тұтыну мен косметикалық өнімдердің жарнамасын қарасақ олар бізге міндетті түрде керек секілді көрінеді. Ал бізге ең бастысы сабынмен терідегі майдан арылып, сосын оны лосьонмен дымқылдай салу жеткілікті болар еді. Шаш та солай, майын кетіріп, сосын желдеткішпен кептіреміз.

Ал осыншама суды тұтынып жуынудың біздің денемізге керегі бар ма? Мәселе жарнамада емес, біз өзіміз де жуынбасақ қолаңса иіс шығатын адамға айналатынымызды білеміз.

Ал егер осы иіске төтеп беріп өмір сүріп кетсек не болады? Бұл жалқаулықтан емес, қызығушылықтан. Мен сынап көрдім”, – дейді редактор.

вффв

Мен бастапқыда нағыз иіс мүңкитін жануарға айналдым. Біздің денеміздің иісі – терімізде мекендейтін бактериялар әрекетінің нәтижесі. Сабын қабылдау арқылы сіз тері майы мен терідегі бактерия арасындағы балансты бұзасыз. Қай кезде сіз белсенді түрде жуынсаңыз сол кезде терідегі экожүйені өлтіресіз. Олар тез қалпына келеді. Бірақ, иіс шығарып тұрған, сосын бұзылып кеткен бактериялардың орнын алмастырады.

вмвм

Біршама уақыттан соң экожүйе тұрақты қалыпқа түседі де, сіздегі мүңкіген иіс тоқтайды. Әрине, сізден хош иіс шығып кетпейді, бірақ сасық иіс те шықпайды. Сіз тек адам секілді иіс шығарасыз.

Эволюция тұрғысынан қарасаң неліктен бізге үнемі тазалану мен жуыну керек? Теориялық тұрғыда егер біз май бездері мен бактериялар арасындағы балансты сақтай алсақ, онда тері шамадан тыс майлы немесе құрғақ болуды тоқтатады.

Мен микробиолог Мартин Блейзермен мұқият жуыну туралы сөйлестім. Сонымен қатар, биотехнологиялық компанияларда істейтін ғалымдармен де пікірлестім. Мен сабын, сусабын, басқа да хош иіс беретін заттарды пайдалануды азайттым. Бастапқыда душты бір күн салып, сосын үш күн салып қабылдап, соңында мүлдем түспейтін болдым. Зиянды аурулар тарамас үшін қолымды ғана міндетті түрде жудым.

мыым

Үстімді былғап алсам тазалаймын, бас жуғанда да сабын немесе сусабын қолданбаймын. Алғашқы кезде менен өте қатты жағымсыз иіс шықты. Сонда да үстіме ешқандай әтір түрін сеппедім.

Бәрі тамаша. Таңертең тұрып, бірнеше минутқа есік алдына шығамын. Қай кезде иіс шығатынын байқаймын. Мәселен, ауыр жұмыс күнінен соң немесе жаттығудан кейін менен иіс шықпайды. Ең көп дегенде, менің мұрным да сезбейтін болды. Тіпті жағымсыз иіс шығып тұр ма деп достарымнан сұрасам да, олар жоқ, бәрі жақсы дейді.

имим

Әрине, егер сіз шынайы иісті түсінбейтін адамдармен бірге жұмыс істесеңіз, онда бұл сынақты жасап керегі шамалы. Одан да сіз алысқа серуендеп кетіп қалғаныңыз дұрыс. Тиісінше, шешім қабылдамас бұрын жақын адамдармен ақылдасып алу керек.

Қаншалықты тазалаушы құралдардан бас тарту керектігін білмеймін. Бірақ, мейлінше оларды қолдануды азайтудың аса зиян болмайтынын білемін.

Талқылау