Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Жүйкем сыр беріп, сол жағым істемей қалды": Алтынай Жорабаева экс-күйеуі Сәбит Әбдіқалықовпен қалай қиналғанын айтты

Алтынай Жорабаеваның бұрынғы күйеуі Сәбит Әбдіқалықов қыздарын әлі күнге дейін іздемеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Өнер мен өмір» бағдарламасына сілтеме жасап. 

Өнер иесі қыздарының әкесінен осы күнге дейін ешқандай көмек талап етпеген. Тіпті, қажет етпейтінін де жасырмады. Сәбит Әбдіқалықов қыздарына алимент төлемек түгілі оларды іздемейтін көрінеді.

«Біз әкесінің көмегіне мұқтаж емеспіз. Алдында үлкен қыз өзі жазыпты. Біздің альбомдарымыз қайда деп. Суреттері бар альбомды алып кеткен екен. Алып келіп екеуі кездескен. Көмектесейін бе деп сұрапты. Сөйтсем қызым керек емес депті», - деп түсіндірді.

Төрт бірдей қызына Алтынай Жорабаева ешқашан әкелерімен араласпа деп айтпаған. Дегенмен әкелері өзі мейірім төкпегеннен кейін қыздар да суық қарайды, дейді ол.

«Мен қыздарыма араласпа, жауап берме, телефонын блокқа қой деп айтқан емеспін. Адамнан мейірім болмаса, кері байланыс күтуге болмайды. Оның үстіне қыз баласы нәзік жанды. Үйде үнемі ұрысты көрген», - дейді өнер иесі.

Сәбит Әбдіқалықовқа бірнеше мәрте мүмкіндік бергенін жасырмаған Жорабаева жүйкесінің сыр беріп, арадағы жанжалдан кейін қатты ауырғанын жасырмады.

«Мен ешқашан үйдегі жағдайды ата-анама айтып барған емеспін. Бірақ, сырттай бәрібір біліп жүрген. Ұрыс-жанжалдан кейін міндетті түрде әкем хабарласатын. Қайдан біледі десем, сезеді екен ғой.  Өзгеретін шығар, бәрі жақсы болып кетер деп бір жыл үш ай күттім. Мен де адаммын, жүйкем сыр беріп сол жағым істемей қалып емделіп те жүрдім», - дейді Алтынай Жорабаева.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр