Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұртты сұлулығымен таң қалдырған Шоқан Маратұлының енесі қызынан да жас көрінеді

«All Давай» тобының солисті Шоқан Маратұлына тұрмысқа шыққан отандық миллиардердің қызы Әнел Баталова өзінің Инстаграм парақшасына анасымен түскен суретін жариялады.

Қызының құрбысы секілді жас көрінген танымал кәсіпкер Райымбек Батталовтың жұбайының сұлулығына бүкіл жұрт сүйсініп отыр. Әнелдің Инстаграмдағы оқырмандары қызы мен анасының өте сұлу екенін жазып, жағымды пікірлер қалдырған.

«Әнел анаңыз екеуіңіз ұқсайсыздар. Мүмкін сізде шашыңызды ашық түске бояп көрерсіз»,-дейді желі қолданушы.

Алайда біреулері анасы мен қызын ұқсатып жатса, басқалары керісінше пікірде.

«Кешіріңіз әрине, бастапқыда жаныңыздағы сұлуды құрбыңыз немесе әпкеңіз деп ойлап қалдым. Бірақ, анаңыз өте жас көрінеді»,-деп пікір қалдырған басқалары.

Ал бір оқырман болса, «ол сіздің анаңыз емес» деген пікір қалдырған.

«Сонда кімдікі екен, бұл кісі менің анам»,-деп жауап берді Әнел оқырманның сөзіне.

Әнел Баталованың анасымен түскен суретіне тек жақсы тілектер ғана жазылуда.

«Әнел сен сондай нәзіксің. Анаң да, сен де өте сұлусыңдар, бақытты болыңдар»,- деді оқырмандар.

Оқи отырыңыз:

Еркек емес, ол есек: Айсәуле Бақытбек жезөкшелерді қамшымен сабаған рэперді байғұс деп атады

Заңғар Нұртас: Ағамның абыройының арқасында қытайлықтардан зор құрмет көрдім

Нұржан Керменбаев: Перзентханаға бірге баратын еркектерді түсінбеймін

Сәкен Майғазиев “Ақыл тоқтатқан” адамдарды есін жиюға шақырды

Талқылау