Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұртты шулатқан жер мәселесі қыркүйекке дейін шешілмек

Жер туралы дау тамыздың соңына дейін біржақты шешілуі тиіс. Бүгін Ақордаға премьер-министрді шақыртқан  президент жер кодексіне қатысты қалайда бір мәмілеге келу керектігін айтты, – деп хабарлайды КТК арнасы.

image

Елбасы жер реформасы жөніндегі комиссияның қортындысын жеделдетуді тапсырды. Премьер-министр жақын арада президентке жер кодексінің жаңа нұсқасын әкелуге уәде етті. Даулы құжатқа тыйым салынып  Назарбаев жыл соңына дейін мораторий жариялағаны белгілі.

Соған сәйкес жер жалға да берілмейді, сатылмайды да. Жерге қатысты нақты шешім тамыздың соңында Ақордада мемлекет басшысының қатысуымен өтетін Үкіметтің кеңейтілген жиында жария етілмек. Назарбаев Мәсімовке жерден бөлек, экономиканы құлдыратпай ұстап отыруға пәрмен берді.

“Екінші алдымызда келе жатқан орақ астық жинау мәселесіне көңіл бөлу керек. Қысқа дайындық өз алдына. Алдымызда тұрған ЭКСПО-ға дайындалу.  Содан кейін ауыл шаруашылығы жөнінде. Жер туралы комиссияны қортындысын тыңдап, бір мәмілеге  келіп мәселені шешу керек”, – дейді Нұрсұлтан Назарбаев.

“Министр, әкімдермен жұмыс жүріп жатыр. Сіздің тапсырмаңыз бойынша, облыстарды аралап жатырмын. Барлық мәселе бойынша Үкімет отырысында есеп береміз”, – дейді ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов.


Жіберіп алмаңыз:

Сағынтаев халықты жер мәселесін талқылауда белсенді болуға шақырды

Алматы әкімдігі 21 мамырда жер мәселесі бойынша митинг өткізуге рұқсат бермеді

Заңгер “Еуразия” арнасын жер мәселесі жайлы митингтен жалған ақпарат таратты деп сотқа берді (видео)

Мұрат Әбенов: Жастарда жер мәселесінде біржақты түсінік қалыптасқан

Талқылау