Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұртты шулатқан шілтер іш киімге деген тыйым алынып тасталуы мүмкін

Жұртты шулатқан шілтер іш киімге деген тыйым алынып тасталуы мүмкін. Яғни, Кеден одағы елдері арасындағы техникалық регламентке сай тауарларды «ылғал өткізгіштігі» бойынша тексеру кейінге шегерілген.  Кәсіпкерлерге қиындық тудырған тыйымды жою туралы ұсынысты Еуразиялық экономикалық комиссия қабылдапты.

image18733125_2533d92a50ceba31e5bcfa476188144b

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

«Мынау Қырғызстанның ішкөйлегі. – Мына шұлық қай жақта тігілген? – Ол турецкий! Бұл да біздікі емес, тағы айыр қалпақ ағайынның тауары… Қазір киім-кешек, көрпе-жастық сататын сөрелерде 80 пайыз шетел тауары. Өзіміздікінің өтпейтіні: бәсеке мықты, талап жоғары. Сондықтан жауапты органдар сүрініп жатқан жеңіл өнеркәсіпті қолтықтан демеуге көшіпті», – тілші Әлия Әшім.

Кәсіпкерлерді қыспаққа алған тексеріс азаяды, құжат жинап жүгіретін жанталас саябырсиды. Мысалы, бұрын киім-кешек тігілер алдында матасы тексеріліп, кейін дайын тауар тағы бақылаудан өтетін. Енді қос тексерістің қажеті жоқ.

«Ол мына кәсіпкерлерге қиыншылық тудырды. Себебі дайын тауар сертификаттаудан өтеді де, сырьесы да сертификаттан өтуге тура келді. Сосын біз ұсыныс айттық тауарды ғана тексерейік деп», – дейді ҚР Инвестициялар және даму министрлігі комитет төрағасының орынбасары Ғалымжан Дұғалов.

Шекарадан кірген-шыққан кілем мен киізге қойылатын сәйкестік белгісін алу да жеңілдетілмек. Жазғы және жағажайға арналған киімдердің ішкі жағы талапқа сай болса, сатылымға рұқсат.

Ал екі жыл бұрын жұртты шулатып тыйым салынған шілтер іш киімге шектеу алынып тасталатын сияқты. Себебі техникалық регламенттегі «ылғал өткізгіштігі»  бойынша тексеру енді болмайды.  Алайда сатушылар екі жыл бұрынғы тыйымның тиімді болғанына күмәнді. Себебі көрші елдерден келетін синтетикалық шілтер іш киімдер осы күнге дейін жеңіл жеткізіліп тұрған.

Ал  Ұлттық стандарт жасауға көшкен құзырлы органдар жыл соңына дейін 700-ден астам талап енгізбекші. Олар жүзеге асса, арзан импорт шектеліп, бәсекелестікке шыдас бермей тұрған біздің жеңіл өнеркәсіп аяққа тұрмақ.

 

Талқылау