Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұрт Жәния Джуринская мен Мақпал Исабекованың жас кездегі суретінен ұқсастық тапты

Актриса Жәния Джуринская жас кездегі суретін жариялап, желіде қызу талқыға түсті. Көпшілік киножұлдыздың бойжеткен шақтағы түрін әнші Мақпал Исабековаға ұқсатты, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Жұрт Жәния Джуринская мен Мақпал Исабекованың жас кездегі суретінен ұқсастық тапты

Жәния жас кездегі суретін анасының әмиянынан тауып алғанын айтады. Ностальгияға бөленген актриса аталған фотоны бірден Instagram желісіне жүктеп, оқырмандарының пікірін сұраған.

“Мына жерде қанша жастамын деп ойлайсыздар?” – деді Жәния.

Желі қолданушылары актрисаның сұрағына әртүрлі жауап берген. Сондай-ақ, көпшілік оны әнші Мақпал Исабековамен шатастырып алғандарын атап өткен.

“Мен Мақпал деп ойласам”, “Исабековаға қатты ұқсайды екен”, – деп жазды желідегілер.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау