Жұрт Заттыбектің сарайдай үйін көріп таң қалды (видео)

Бейсенбі, 5 Мамыр , 2016 16:07

Өзіндік тыңдармандары бар әнші Заттыбек Көпбосыновтың екі қабатты жаңа үйінің көркі жұртты таңқалдырды.

image

Фото: kzmusic.clan.su

Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.

Халыққа “Ақ маржан” әнімен танылып, тыңдармандарын аз уақыт ішінде баурап үлгерген әнші екі қабатты үй салған. Коттедждің іші-сырты түсірілген видео жұртты таңқалдырды. Желі қолданушылары ауылда тұрған әншінің аз уақыт ішінде қомақты қаржы жинап үлгергеніне қайран қалып жатыр.

2015 жылы әнші отбасымен құрылысы толық бітпеген үйіне көшіп барған. Аталған үйді бірнеше жыл қатарынан салған. Интерьері грек стилінде әрленген. Мұнымен қатар, ауласын газонмен көмкеріп, шырша ағашын отырғызған.

Видеоны көрген тыңдармандары “Заттыбек, жаңа үйіңіз өзіңіз секілді қара домалақ балаларға толсын. Өз игілігіңізге тұрыңыз”, “Заттыбектің басқа жұлдыздардан қай жері кем. Барлығы өз еңбегі” деген сынды пікірлер білдірген.

Естеріңізге сала кетсек, әнші ұзақ уақыт Шымкент қаласының маңында орналасқан ауылдардың бірінде тұрған. Жергілікті мектепте сабақ беріп, кейін өзін актерлік қырынан танытуға әрекет жасаған. “Ақ маржан” әнінен кейін есімі барша Қазақстанға танылып, еліміздің бас қалаларында жеке ән кешін беріп үлгерде.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

16
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар