Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұрт танымал тележүргізушіні Ерке Есмаханмен шатастырып алды

Жұрт елге белгілі тележүргізуші Диана Қырықбай мен әнші Ерке Есмаханның ұқсастығын байқап қалды, деп хабарлайды Stan.kz.

ерке мен диана-240217

Әншінің желідегі фан-парақшаларының бірінде Ерке мен Диананың қатар тұрған суреті пайда болды. Жазба авторы желі оқырмандарынан қос тележұлдыздың қаншалықты ұқсайтынын сұраған.

Көпшілік қос сұлудың бір-біріне қатты ұқсап тұрғанын айтты. Кейбіреулер Диананың суретін көргенде оны Ерке деп ойлап қалғандарын жеткізді. Үшіншілер әр арудың өзінше сұлу екендерін мәлімдеді.

“Қатты ұқсайды, басында осы екі қызды ажырата алмайтын едім, Ерке шыққан соң білдім”, “Екеуі де әдемі”, “Еріндері ғана ұқсамайды”, “Кішкене ұқсастық бар”, “Көшірме”, “Диананың табиғи әдемілігі көрініп тұр”, “Иә, ұқсайды”, – дейді олар.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақстанда және Қытайда Димашқа еліктеуші жастар көбейе бастады (видео)

Желіде Димаштың “Adagio” әнін пианиномен орындаған видеосы пайда болды (видео)

Тұрсынғали Алагөзов Баянға ұсыныс жасамас бұрын бар мүлкін туыстарының атына аударған

Жетінші кезеңді артта қалдырған Димаш бүгін елге келеді

Талқылау