Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұрт Ерке Есмаханның бейнебаяндағы “хит халатын” бірден танып қойды (фото)

Ерке Есмахан мен Төреғали Төреәлі бірігіп “Алло” атты әнге бейнебаян түсірген болатын. Аталған туындыда қос әнші де бірнеше образға енеді. Ерке Есмахан бастапқыда ауыл қызының рөлін сомдап, алқызыл түсті халат киіп жүреді. Кейін үйіндегі пердеден көйлек тігіп алады.

image

Фото: instagram.com/erke_esmahan/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Бейнебаянның түсірілгеніне бір жылдан астам уақыт өтті. Десе де, түсірілім кезіндегі халатын әнші осы күнге дейін киіп жүр екен. Бірнеше сағат бұрын инстаграм парақшасы арқылы кезекті жазбасын бөлісті. Аталған жазбасында өзінің жақсы қасиеттерін жіпке тізіп, үстіндегі халатының “хитке” айналғанын меңзеді.

“Мен негізі күшті қызбын! Қолым босағанда, үй жинап, тігін тігіп, кiр жуып, ою ойып, тоқыма тоқып, киіз басады деп ойлап қалмаңыздар. Тек анда-санда “ет” асатыным болмаса, ондай қатты пысық емеспін. Хит халатым”, – деп жазады Ерке Есмахан суретінің тұсына.

14052546_635497523291533_1199373146_n

Жуырда желі қолданушылары оның алқызыл түсті жемпірін тастамай киетіндігін сынаған-ды. Ал бұл жолы “хит халатын” бірден таныса да, оның өзіне ерекше жарасып тұрғанын айтып өтті.

новый коллаж

“Алло өлеңіндегі халатыңызды тастасаңызшы”, “Төреғалимен түсірген бейнебаяндағы халатыңыз ба?”, “Үстіңдегі Алло бейнебаянындағы халат емес пе?”, “Халатта домалақ-домалақ болып тұрған не нәрсе?”, “Халатыңыз “алло” деп айқайлап тұр ғой”, “Осы әйелдердің көреалмаушылығы шаршатты. Оның халатында нелерің бар? Арзан болсын, қымбат болсын, мата ғой. Ай, қазағым-ай, ауру қалса да, әдет қалмайды деген рас екен”, “Халатыңыз өзіңізге сондай жарасып тұр” дейді желі қолданушылары.


Жіберіп алмаңыз:

Ерке Есмаханның ғашығы оның төсегін гүлмен көмкерді (фото)

Метрода “үй киімімен” жүрген Ерке Есмаханды жұрт танымай қалды (фото)

Ерке Есмахан тыңдармандарынан қателіктерін бетіне баспауды сұрады

Ерке Есмахан “бөтелкеден су ішем” атты эстафета бастады (видео)

Ерке Есмахан: Ұсыныс жасағандар көп, қайсысына шықсам екен

Талқылау