Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұрт депутат болмай қалған Дұғалова мен Нұртасты әжуалады

Желі қолданушылары депутат мандатын иелене алмаған Қайрат Нұртас пен Жанар Дұғалованы әжуалап, түрлі пікірімен бөлісіп жатыр.

goCn5ms7xEfI1lOcHO6CUWiOscZS7U

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Күні кеше сайлау қорытындысы бойынша «Нұр Отан» партиясы сайлаушылардың 82,2 пайыз дауысын жинап, Мәжілістегі 84 орынға ие болғаны хабарланды. Аталған партиясының атынан парламент мәжілісінің депутаттығына үміткер атанған эстрада жұлдыздары Қайрат Нұртас пен Жанар Дұғалова депутаттық мандатты иелене алмаған-ды. Енді желі қолданушылары қос әншіні әжуалап, түрлі пікір білдіріп жатыр.

Белгілі  саясаттанушы Айдос Сарым  “Қайрат Нұртастың шығармашылығы, оның ішінде “Ауырмайды жүрек” əнінің орындалуы екі кезеңнен тұрады: сайлауға дейінгі һəм кейінгі. Ауырмайды ма екен шынымен?” десе, “Қайрат өтпегеніне қатты қапаланып, Жанар өтпегеніне жаман болып отырмыз. Қайраттың мамасы бар ғой, ештеңе етпес, Жанардың Мәжілістен ізін көрсек деп едік, оны да қимады. Сайлаудың “технологтары” мен “саясаткерлерді” түсінбеймін” деп журналист Өміржан Әбдіхалықұлы пікірімен бөлісті.

1

Енді бірі депуттардың суретін жүктеп, “Бұлардан Қайрат Нұртас жақсы еді” деп жазған екен.

смартфон

Естеріңізге сала кетсек, әнші Қайрат Нұртастың орнына Мәжіліске пойыз машинисі өткені туралы жазған болатынбыз.

Талқылау