Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұрт Асылхан Төлеповты депутат болуымен құттықтап жатыр

Әншілер мен актерлер қауымы Асылхан Төлеповты мәслихат депутаты атануымен құттықтап жатыр. Актер “Нұр Отан” партиясының атынан  Алматы қаласы Наурызбай ауданының  мәсілихаты  депутаттығына үміткер ретінде тіркелген еді.

зщршдпжотоэдлзщо

Ол өзінің сайлау алды бағдарламасын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялап, табынушыларынан өзіне дауыс беруді сұраған еді.

Биылғы Тәуелсiздiктiң 25 жылдығы – мемлекеттiгiмiздiң өсiп-өркендеп, нығаюындағы аса маңызды белес. Мен егемендiктiң асқақ рухынан қуат алып өскен жастардың төл өкiлiмiн. Жастар қашан да қоғамның қозғаушы күшi, белсендi бөлiгi болып келедi. Бiздiң сүйiктi қаламыз әрбiр адамға бақуатты өмiр сүру үшiн өз еңбегiне қарай табыс табуына мүмкiндiктер бередi, бұл – мегаполистiң бiз ұстануға тиiс қағидасы. Өйткенi жұмыспен қамту мен қоғамның тұрақты дамуы бiздi ортақ жеңiске жеткiзетiн басты құндылық. ЖАҢА АУДАН – ЖАҢА БЕЛЕС #ЖаңаАуданЖаңаБелес #ЖанаАуданЖанаБелес #ZhanaAudanZhanaBeles

Фото опубликовано Assylkhan (@assylkhantolepov)

Бұған дейін Актердің депутаттықтан үміткер екенін хабарлаған едік. Сондай-ақ оны сол сәтте халық “депутаттыққа лайықты емес. Әлі жас” деп сынаған еді. Тіпті актердің ағасы осындай сындарға шыдамай, бауырын желі арқылы жұрттың сөзінен қорғаштауға да  тырысқан еді.

Талқылау