Жұрт Асылхан Төлеповты депутат болуымен құттықтап жатыр
Әншілер мен актерлер қауымы Асылхан Төлеповты мәслихат депутаты атануымен құттықтап жатыр. Актер “Нұр Отан” партиясының атынан Алматы қаласы Наурызбай ауданының мәсілихаты депутаттығына үміткер ретінде тіркелген еді.
Ол өзінің сайлау алды бағдарламасын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялап, табынушыларынан өзіне дауыс беруді сұраған еді.
Бұған дейін Актердің депутаттықтан үміткер екенін хабарлаған едік. Сондай-ақ оны сол сәтте халық “депутаттыққа лайықты емес. Әлі жас” деп сынаған еді. Тіпті актердің ағасы осындай сындарға шыдамай, бауырын желі арқылы жұрттың сөзінен қорғаштауға да тырысқан еді.
Талқылау