Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұрт Әсем Жәкетаеваның қызын өзіне ұқсатты (фото)

Әсем Жәкетаева бірінші рет қызының жақыннан түсірілген суретін көрсетті.

_90608121_dutchman-2

Фото: instagram.com/assem_zhaketayeva/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Әсем Жәкетаева әдетте отбасылық суреттерін көп бөлісе бермейді. Ол жолдасы мен қызын да араға біраз жыл салып көрсеткен болатын. Алайда актриса бұл әдетінен арылған сияқты. Соңғы кезде әлеуметтік желідегі парақшасына отбасылық суреттерін жиі салып жүр. Тіпті қызы Айсананың жақыннан түсірілген суретін де салып қойған.

Мұны көрген жұрт қызының сүйкімділігіне тамсанды. Оны бірі әкесіне ұқсатса, көбісі сырт келбетінің анасына келетінін айтты.

“Әсем, сіз сондай кереметсіз! Балалар – біздің мақтанышымыз”, “Денсаулық тілеймін”, “Құдайым-ай, тура анасының аузынан түсіп қалғандай. Өзі сондай сұлу”, “Қандай әдемісіңдер! Аппақ аққудай құлпырған екі сұлу, бақытты болыңдар!”, “Әсем, сізге шын жүректен бақыт тілеймін. Қызыңыз күн сайын қуаныш сыйласын” дейді желі қолданушылары.

000000

Қазақстандық әнші әрі актриса Әсем Жакетаева 2015 жылдың маусым айында тұрмысқа шыққан болатын. Қуанышты жаңалығымен Жакетаеваның өзі бөліссе де, сүйіктісін көрсетуге асықпай біраз жүрген-ді. Десе де, артынша инстаграм парақшасына оның суретін жүктеп, желі қолданушыларын бір қуантқан болатын.

Сүйіктісі “Қазақзергер” компаниясының басшысы  – Жұмашев Алмас Бейбітұлы. Тұрар Рысқұлов атындағы экономикалық университетте білім алған Алмас Алматы қаласының тумасы екен.


Жіберіп алмаңыз:

Әнші Әсем Жәкетаева қуанышымен бөлісті

Әсем Жакетаева ана атанды

Әсем Жакетаева көптен бері жасырған сүйіктісін көрсетті (фото)

Қазақстандық жұлдыздар балаларына қойылған ерекше есімдер (фото)

Талқылау