Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұрт анасын Санданың құрбысы екен деп қалды (фото)

Санда өзінің желідегі парақшасы арқылы көлік рөлінде отырған анасының суретін бөлісті. Суретті көрген желі қолданушылары әншінің анасының жастығына қайран қалды.

36

Фото: instagram.com/sanda_singer/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Осы уақытқа дейін жұрт “Санда тұрмысқа шыққалы жатыр” деп шулаған-ды. Алайда бұл қауесет жалған болып шықты. Әнші бар болғаны той көйлегін киіп жарнамаға түскен екен. Осылайша жаңалықтарын жиі бөлісетін әнші анасының суретін көрсетті. Суретті көргендер анасының сұлулығына қайран қалып, оны Санданың құрбысына, әпкесіне теңеді. “Барын қанағат тұтқан анашым” деп жазады Санда суреттің тұсына. Екеуі сауда орталығынан киім алып шықса керек.

14478370_1782558428682508_4312551940081844224_n

“Санда анасына қатты ұқсайды екен. Бәлкім, әпкеңіз болар?”, “Анаңыз сондай сұлу. Көркіне көз тоймайды”, “Анасының жасартылған көшірмесі екен”, “Анаңыз Роза Рымбаеваға ұқсайды екен”, “Басында сіз көлік сыйлады екен деп ойлап қалдым”, “Анасы қызына қарағанда жас көрінеді” дейді желі қолданушылары.


Жіберіп алмаңыз:

Санда тыңдармандарына ұнамай қалған бейнебаянын 150 долларға түсіргенін

Санданың Батумиде түсірген бейнебаяны тыңдармандарына ұнамай қалды (видео)

Санда кезекті бейнебаянын Батуми қаласында түсіріп жатыр (фото)

Тұрмысқа шыққалы жүрген Санда құрбыларымен “қоштасты” (видео)

Талқылау