Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жүрсін Ерман: Елімізді әйел адам басқаратындай басымызға не күн туды

Жүрсін Ерман Nur Otan партиясының кезектен тыс XIX съезіне қонақ ретінде қатысты. Ол елімізді әйел адам басқаруы мүмкін бе деген сұраққа жауап берді. 

Жүрсін Ерман: Елімізді әйел адам басқаратындай басымызға не күн туды

Бұл туралы Sputnik-ке сілтеп Stan.kz хабарлайды.

Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, ақын Жүрсін Ерман Қазақстанда президент болып кім сайлануы мүмкін деген сауалға жауап бере кетті. 

"Жастарымыз бар, саясаткерлер бар, соның бірі болады да. Бастысы еліміздің жағдайы көтерілсе, көпбалалы аналар жайы, әлеуметтік мәселелер қолға алынса дейміз", - деді ол.

Ақын ағамыз әйел адам президент болуы мүмкін бе деген сұраққа ойын айтты.

"Елімізді әйел басқаратындай не күн туды басымызға? Ондай әңгімеге әлі ерте. Демократиялық ел болғанымызбен, қазақы болмысымызы сақтаған елміз. Ондай қазақта мүлде болмаған", - дейді Жүрсін Ерман. 

Елордада Nur Otan партиясының кезектен тыс съезі өтуде.

 

 

Талқылау