Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Журналистер Әубәкіровтың соңғы сағаттары өткен пәтерді тапты

Студентті азаптап өлтірген қаскөқйлердің әрекеті тергеу барысында әшкере бола бастады. Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері студент Ерасыл Әубәкіров өлтірілген күнгі азаптаушылардың толық жоспарын ашты деседе болады. Астаналық полицейлер сол күні күдіктілердің қай уақытта кімге не деп хабарласқаны мен Ерасылдың ұялы телефоны қай кезде сөндірілгенін, тіпті оларды жеткізіп салған таксишіні де анықтаған. КТК арнасының тілшілері Ерасылды өліміне дейін азаптап ұстаған пәтерді тапқан. Бұл пәтер қарапайым мерекелік жиындарға жалға берілетін үлкендеу жер үй болып шықты.

аубакиров

Ерасыл Әубәкіров өмірінің соңғы сәттерін аяқ-қолы байлаулы ,аузы скотчпен маталған күйде осы пәтерде өткізген. Бұл жайттың барлығы қазір күдікті болып отырған 21 жастағы Нұрбек Әжімбай түсірген видеодан анық көрінеді.

Қара киімдегі Ерасылмен сөйлесіп отырған жігіт оның жерлесі, Өскемендегі ірі кәсіпкердің ұлы Аян Мейірбаев екені анық көрінеді. Қайғылы жағдай болатын күні тергеу абақтысында қамауда отырған жігіттер Астанадағы үлкен бір үйді жалға алған. Бұл жердің оларға ыңғайлылығы жақын көршілері мен шуды есітіп қояды дейтін адам аяғы аз баратын жер.

Төрт күдікті екі қабатты осы үйде 23 жастағы студентті азаптаған. Бұл үйдің сырты мен ішіне қарап ондай үлкен қылмыстан бір де бір белгі қалмағанын байқауға болады. Қазірдің өзінде бұл үй үшін 40 мың теңгесін берген адам бір тәулікке жалға ала алады.

Әубәкіровты аяқ-қолын байлап ұстаған бөлме екінші қабатта болған. Қазір ол бөлмеге кіріуге ешқандай да шектеу жоқ. Бөлме видеодағыдай. Ешқандай жиһазы ауыстырылмаған. Тек жердегі кілемді алып тастаған. Тергеу барысында күдіктілер қылмыс Аян Мейрбаевтың тапсырмасы бойынша жасалғанын айтқан. Нұрбек Әжібай-ұйымдастырушы. Ал екі күзетші Андрей Тихоненко мен Витали Шерстеневалар қылмысты орындаушылар болған.

Ерасылдың денесін өзі өскен үйден шығарылды. Туған-туыстары мен жақындары Ерасылдың өлгеніне әлі сенер емес.100-ге  жуық адам студентті жерлеу рәсіміне қатысқан.

«Оның өмірін алғандар осы қылмыстары үшін жазалануы керек. Олардың да үйлерінде балалары бар шығар. Осындай қайғыны,азапты көргілері келмейтін шығар деп ойлаймын»,-деп көзіне жас алды Ерасылдың туысы Динара Ысмаилова.

Ерасылдың туыстары Аян Мейрбаевпен балаларының таныстығын растаған да, жоққа да шығарған жоқ. Басты күдікті де өзгелер сияқты екі айға уақытша қамауға алынды. Қажет болып жатса кейінрек қамау мерзімі ұзартылады. Қазақстан халқы жан түршігерлік қылмысқа қатысты күдіктілерді алдағы уақытта сот залынан көретін болады.

Талқылау