Журналист экс-тоқалдардың бүгіні туралы айтып берді

Жұма, 12 Ақпан , 2016 16:00

Жас кезінен көптің көзіне түсіп, жеңіл өмірге иек артатын арулар көбейген. Бүгін сұлулық байқауының жеңімпазы атанып, модель болып жүрген арулар, ертеңіне-ақ шенді-шекпендінің заңсыз “әйелі” болып кете барады. Бақытты өмір әрі кетсе 3-4 жылға созылады. Ал тоқалдардың одан кейінгі өмірі қайтадан бәз қалпына түседі.

059add74559843ac1cc3a229cf0b08fe

Сурет әлеуметтік желіден алынды

Экспресс К басылымының тілшіcі дөкейлерге екінші “әйел” атанған арулардың бүгінгі өмірі туралы зерттеу жасаған.

Көпшілікке керемет сымбатымен, сұлулығымен танылған бикештердің өмірі көп ретте дереу басқа арнаға түсіп жатады. Бірнеше жыл кәрі де болса бай “күйеуінің” қаржысына шалқыған қыздар  бұрынғы қарапайым өмірді қаламайды. Олар ата-анасына оралуға асығыстық танытпайды. Есесіне спортзалда, түнгі клубтарды кезіп уақыт өткізеді. Әрине, басты мақсаттары қалталы азаматты  табу.

«Соңғы жылдары жас қыздар ірі шенеуніктердің немесе бизнесмендердің екінші «әйелі» болуға қуана келіседі. Алайда, тоқал – заңсыз әйел екенін түсінуіміз керек. Ол күйеуінің дүние-мүлкін иеленіп, пайдалануға тіпті де құқылы емес. Бар болғаны жәй қуыршақ  болады. Ал енді сол қуыршақтар күйеулерінің өмірін басқаруға көшкен. Өкініштісі, ақшалы, табысты еркек өз отбасына көңіл бөлуді азайтып, бар уақытын жас тоқалына арнай бастайды», – деп жазады журналист.

Алайда мұның бәрі сәтті болады деуге келісу қиын. Заңсыз әйел болу, ақыры күйеуімен келісе алмай, айналып келгенде тоқалдың өз жөнімен кетуіне әкеліп соғады.

Тізімнен шығып қалған «әйелдер» Астанадағы «20 ғасыр хиттары», «Зурбаган» секілді клубтарға жиі жиналады екен. Тіпті, бұдан бас қалаға іссапармен келетін мықтылар да хабардар. Әрине, мұнда олар құр отырмайды. Ұнаған еркегіне даяшы арқылы вино беріп жібереді немесе темекі тартатын орынға барып жақын әңгімеге тарта алады. Бәрі еркін әрі ашық түрде жүзеге асырылады.

Мәселені егжей-тегжейлі түсіну үшін, автор Астанадағы қымбат клубтардың біріне досымен барған. Үстелге жайғасқанына бес минут болмай жатып, ханымдардың бірінен сыйлық келеді. Осылайша, Олеся және Сабина есімді арулармен танысып, қызық отырыс басталып кетеді. Қыздар бірінші өздері жайлы емес жігіттердің жағдайын сұрастырып әуре болған. Сабина сән көрсетілімдеріне қатысып, сұлулығымен көзді арбайтын еді. Ақыры, бір бай кісінің тоқалы болады. Ол бұған қалағанын алып беріп, тіпті бәйбішесімен бірге бір үйде тұруға рұқсат еткен. Әрине, мұндай “тосын сыйға” бірінші әйелі асқан ерік-жігермен шыдамдылық танытқан. Бірақ, ол шыдамдылық үнемі жайдары қалыпта жалғасын таба бермесі анық. Тіпті, одан еркектің өзі де жалығуы мүмкін. Ақыры, сұлу әрі жас әйелден де шаршаған еркек оған үйден кетуін өтінеді. Қоштасар сәтте қолына ақша ұстатып, сыйлаған сыйлықтарын да беріп жіберген.

Осылайша далада қалатын әйелдер өте көп. Тіпті олар (экс-тоқалдар) Астанада өздеріне арнайы клуб ашу керек деп есептейді. Сұлулар әбден қымбат әрі ертегідей өмірге үйреніп қалған. Қай ортаға барса да орта деңгейлі еркектерді көзге де ілмейді. Бар армандары – тек олигархтың тоқалы атану.

Автор 30 жасқа дейін сұлулығын пайдаланып, қартайғанда жалғыз қалатын әйелдерді жастайынан ес жинауға шақырған.

Әлихан Жеңісов

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
19.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар