Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Журналист тікелей эфирде суға батқан ер адамды құтқарып қалды (видео)

CNN тілшісі Дрю Гриффин тікелей эфир кезінде су толы арыққа батып кете жаздаған ер адамды автокөліктен шығарып көмектесті.

Безымянный

Тілші тікелей эфирге қосылуға дайындалып тұрған кезде, жолдан арыққа қарай жүріп кеткен ақ түстік көлік кадрға ілінеді. Осыдан соң тілші мен продюсер Брайан Рокус көмекке ұмтылған. Олар ер адамды көліктен алып шығып, құрлыққа дейін жеткізеді. Осы уақыттың бәрінде Гриффиннің қолында микрофоны болған және ол тікелей эфирде осы оқиғаны да айтып береді.

Ал ер адамның көлігі суға толығымен батып кеткен. Ал Гриффин болса камераның алдына қайта оралып, жұмысын жалғастырады. Ал құтқарылған ер адам түсірілім тобына алғысын айтқан.

Оқи отырыңыз:

Испанияда адамдар бірінің үстіне бірі мініп мұнара тұрғызды (видео)

Желі қолданушыларын Астанадағы президенттік саябақта жайылып жүрген сиырлар таңғалдырды (видео)

Киркоровтың ән кешінде сахнаға шығып кеткен әйел эротикалық би биледі (видео)

Лотереядан 785 миллион доллар жеңіп алған әйел бірден жұмысымен қош айтысты

Талқылау