Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Журналист пойызбен Алматыға екі күн жүріп барған сапары жайлы айтып берді

“Ақ Жайық” тілшісі пойызбен Атыраудан Алматыға келген сапары жайлы баяндап берді. Ол Алматыға №41ЦА пойызымен келген.

Тілші пойыздағы екі күнднің қалай өткенін айтты, деп жазады Ақ Жайық.

“Билет 8384 теңге тұрады, Уақыты екі күн екі сағат, 10 минут”, – деп жазады Фархат Әбілов.

“Сағыз стансасынан соң саудагерлер вагон аралап, заттарын сата бастайды. Негізі пойызда сауда жасауға тыйым салынады. Бірақ саудагерлер ерекше әдіс тапқан: Олар келесі стансаға дейін билет саып алады. Жолсеріктер де ешнәрсе істей алмайтын көрінеді. Саудагерлерге қанша айыппұл салынғанымен олар жұмысын тоөтатпайтын көрінеді”, – дейді автор.

Зәуреш есімді саудагер журналиске саудадан басқа жұмыс жоғын айтқан.

“Аралда тұрам. Алматы-Манғышлақ пойызында,  осы пойыза балалардың киімін сатам. Күйеуім көз жұмған. Үш балам бар. Оларды асырау керек. Саудасыз басқаша күн көре алмаймыз. Аралда сатып алушлар аз. Ақшалары жа жоқ. Ал, пойызда сауда жақсы өтеді. Жақсы бағада алады”, – дейді саудагер.

Қазалы стансасына жетер жерде жолаушылар пойыздың басқаша жүріп бара жатқанын сезді. Вагонда қисалаңдай бастады. Бірнеше рет тоқтады. Жолсеріктердің айтуынша, бұл жағдайға жолдың жөндеу жұмыстары себеп болған.

ОҚО-ның Түлкібас ауданынан мінген жолаушы темір жол бойында жеміс сататынсаудагерлердің қандай қулық әрекеттерге баратынын айтты. Айтуынш, саудагерлер шелектің түбіне картон қойып, бетін алмамен жауып тастайды. Бір шелекті 500 теңге еп сатады.

Байқоңыр тұрғыны 24 жастағы Айжан рұқсат қағазын көрсетті. Айтуынша, қала ауыл және орталық болып бөлінеді. Барлық мемлекеттік орган лорталықта орналасқан. Ол жаққа рұқсат қағазбен өткізеді. Егер жоғалтып алсаң, кіре алмайсың дейді.

“Бұл жақсы емес, Мен өз отаным Қазақстанда тұрып жатқан жоқпын”, – дейді Айжан.

Вагондар ескі және таза емес болғанымен бір жақсы жағы бар.

“Пойыз Қазақстанның оңтүстік өңірін түгел аралап шығады. Қызылордадан бастап Алматыға дейін жүреді. Осылайша отанызыдың көп жерін көріп, бағалауға болады”, – дейді тілші.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау